АТА ЗАҢҒА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН
30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні. Осыған орай ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға үлес қосқан ел азаматтары «ҚР Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Атаулы наградқа ие болған батысқазақстандақтарды бүгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен салтанатты жиында облыс әкімі Ғали Есқалиев құттықтап, төсбелгілерін табыс етті.
Салтанатты жиын мемлекеттік Гимннің шырқалуымен басталды. Одан соң өңір басшысы қатысушыларды айтулы мерейтой – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтады. Еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың, рухани келісім мен саяси тұрақтылықтың негізі Ата Заңымыз екеніне айрықша тоқталды.
– Ата Заңымызда мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Кейбір адам осы сөздерге мән бермеуі мүмкін. Алайда, бұл сөздердің мағынасы тереңде. Мысалы, біздің елде қандай да бір қылмыс жасалса, басқа елдердегідей қатыгездік пен аяусыздыққа жол берілмейді. Әр азамат әділ соттың алдында жауап береді. Бәрі заң аясында шешіліп, тіпті оның құқықтары қорғалады. Мемлекет тарапынан тегін қорғаушы да беріледі. Бұл зайырлы мемлекеттің белгісі. Әр адам заң алдында бірдей жауап беруі керек. Яғни, ешкімге тегіне, әлеуметтік жағдайына, лауазымына, діні мен ұлтына қарай артықшылық берілмейді. Ешкімнің біреудің жеке өміріне, отбасына, ар-намысы мен абыройына қол сұғуына құқы жоқ. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан Конституциясындағы 9 бөлім 98 бап толықтай ел азаматтары үшін, түгел мемлекет үшін жұмыс істеп тұр. Биылғы жыл сынаққа толы жыл болды. Қауіпті індетпен күресуге барлық азаматтар атсалысты. Әсіресе алғы шепте жүрген дәрігерлер, тәртіп сақшылары, төтенше жағдай қызметкерлері, журналистер, кәсіпкерлер, волонтерлер және барша батысқазақстандықтардың еңбегі өлшеусіз. Бірақ, ауру әлі кете қойған жоқ. Оны түбегейлі жеңу үшін баршамыз тәртіпке бағынып, сақтық шараларын ұмытпау керекпіз, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
ҚР Конституциясының 25 жылдығы құрметіне орай «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпақұлова, «Кублей» ЖШС директоры Талғат Берекеев, дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің мұғалімі Ұлдай Ғаббасова, «БҚО Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Беркінғали Ғабделов, «Жайықжылуқуат» АҚ слесары Бауыржан Ғұбайдуллин, «БҚ электр желілерін тарату компаниясы» АҚ Қаратөбе аудандық электр торабының аға мастері Нұрболат Есенгелді, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актрисасы Нұрлыгүл Жұбатова, «Ақ Отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алтынай Исқалиева, облыстық халық шығармашылығы орталығы «Қызғалдақтар» ансамблінің балетмейстері Райхан Көжекешева, облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының меңгерушісі Өмірбай Қалымбетов, «Болашақ-Т» ЖШС бас директоры Асқар Қощанов, БҚО мәслихатының хатшысы Мәлік Құлшар, еңбек ардагері Шолпан Қыдырниязова, БҚО тарих және архология орталығының аға ғылыми қызметкері Яна Лұқпанова, «ҚР ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі БҚО филиалының төрағасы Мырзағали Мұхамбетов, спорт ардагері Татьяна Никишина, «Ақ жол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығының жетекшісі Әлия Сәлиева, Орал қаласы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің тәрбиешісі Бағданұр Сапарова, Жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Асқар Сәукелин, «Жас қаант» жастар қоғамдық бірлесітігнің төрағасы Азат Сейтімов, А.Н.Островский атындағы драма театрының труппа меңгерушісі Илья Таранов, «Отау-Алан» ЖШС директоры Ляна Тұрсынова, «Топан» ЖШС директоры Владимир Харчев, «ПМК-117» ЖШС-ның газэлектрдәнекерлеушісі Мерлан Шәденов, Ақсай қаласындағы №3 орта мектеп мұғалімі Надежда Шиганакова, «Жайық үні» ЖШС газеті редакиясының директоры-бас редакторы Мира Шүйіншәлиева марапатталды. Аты аталған марапат иелеріне облыс әкімі Ғали Есқалиев «ҚР Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалін салтанатты түрде табыс етті.
Сондай-ақ мәдениет саласы қызметкерлері, медицина саласы мен тауарлар мен қызметтер сапасын қадағалау депатаментінің мамандарына мерекелік медаль берілді.
Бұл күні Полиция және төтенше жағдай қызметкерлері, әскерилер, волонтерлер облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталып, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25» жыл мерекелік медаль ұсынылды.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Пікір үстеу