АССАМБЛЕЯЛЫҚТАР АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
БҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясы Татар мәдени орталығының өкілдері Орал қаласында тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңістің 75-ші көктемімен құттықтады.
Татар мәдени орталығының төрайымы Ф.Миликеева, өкілдері Л.Кужаева, Р.Халелов, А.Кужаев Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер Хамза Сафин, Меңжан Әбдрахманов, Мадрасуль Гайфуллиннің үйлеріне арнайы барып, мерекеге орай сый-сыяпаттарын тарту етті. Ардагерлер қонақтарды жайдары көңілмен қарсы алып, майдандағы жылдар, соғыс даласында қалған жауынгер жолдастары туралы естеліктерімен бөлісті.
Суреттерді түсірген: Рафхат ХАЛЕЛОВ
Версия для печати
Пікір үстеу