🌲Қайырлы күн Құрметті Оқырмандарым! Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен! 🐇
Ғасыр қойнауына еніп бара жатқан 2022 жылы бізбен бірге болып, рухани қолдап, сүйікті оқырманымызға айналдыңыздар! Тіпті, хат-хабар арқылы 31 жыл бойы өздеріңізбен сырттай дос, бауыр болып кеттік! Қоян жылы да қарым-қатынасымыз нығайып, тілеулес, жанашыр болатынымызға сенімдіміз!
2023 жылдың алты айына жазылған көптеген мекемелерге, кәсіпорындарға, жеке адамдарға алғысымызды айтамыз! Жазылу «Казпошта» мен «Казпресс» арқылы әлі де жалғасады.
📗Бүгін жарық көрген 2022 жылдың 51 -ші соңғы нөмеріне шолу жасай кетсек, 1,2,3,4,8 беттер Орал қаласындағы жарқын жаңалыққа, БҚУ мен БҚАТУ оқу орындарының жетістіктеріне толы. 5 -беттегі «Аман бол, арда азамат!» атты мақаланы ел ағасы Есенғалиев Абат Қадымұлына арнадық! 💐💐💐
Жеке кәсіпкер, депутат, іскер басшы Жанна Кенжинамен сұқбатымыз, оқырман хаттары сіздердің назарларыңызда! 🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷
«Жайық үнінің» 2023 жылғы бірінші саны алдағы мерекелік шараларға байланысты бұйыртса, 12-қаңтар күні жарыққа шығатынын ескертеміз!
Біз сіздермен біргеміз! Заман сұранысына орай, әлеуметтік желі-алдыңғы шепте тұрса да газетімізді оқып, рухани досымызға айналған барша Оқырмандарым, аман-сау болыңыздар! Жаңа жыл құтты болсын! 🌲🌲🌲🌲🌲🌲🌲❄❄❄☃☃☃
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу