8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Тамыз 2021 2792 0
Жалын

«АЙҚАНАТТЫҚ» 34 ОҚУШЫ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫНА ИЕ БОЛДЫ

«Айқанат» олимпиадасына қатысқан батысқазақстандық 34 оқушы білім грантын ұтып алды. 

Республикалық «Айқанат» Білім қоры» Қоғамдық қорының басты мақсаты – пәндік олимпиадалар өткізу арқылы ауыл мектептеріндегі қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау, қолдау көрсету, олардың шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру, олардық қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарына түсу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету болып табылады.
Алғашқы олимпиада 2018 жылғы желтоқсанда ауыл мектептерінің 9-сынып оқушыларының қатысуымен 12 ауданда өткізілді.

Олимпиаданың барлық турларынан өтіп, жеңімпаз атанған 16 оқушы Тұңғыш Президент Қорының білім грантын иеленіп, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Айқанаттың Бурабайда ашылған IQanat High School of Burabay мектебінде оқып бітіріп шықты.

2019 жылдың қазанынан бастап «Айқанат» олимпиадасының барлық жүлдегерлері «Edykon» қашықтықтан оқыту платформасы» арқылы математикалық сауаттылық, физика, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы пәндері бойынша онлайн сабақтарға қатысып, ҰБТ-ға тегін дайындалды.

Қазіргі таңда аталмыш мектепті бітірген 16 оқушының 10-ы, сондай-ақ Айқанаттың қалған жеңімпаздары, «Edykon» қашықтықтан оқыту платформасы» арқылы дайындалған ауыл мектептерінен 32 оқушының 24-і ҰБТ жоғарғы балл жинап, жалпы айқанаттық 34 оқушы мемлекеттік білім гранттарына ие болды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
37 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
85 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
79 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
74 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»