8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Ақпан 2019 1615 0
Қоғам

«АҚЖАЙЫҚ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ». КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 18-20  ақпан күндері  Орал қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебінде мектепке дейінгі, жалпы білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдарының басшыларына, аудандық, қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілеріне арналған «Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту тұрғысындағы мектепті басқару» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтуде.

Семинар жұмысына мектепке дейінгі, жалпы білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, аудандық, қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілерінен 500-ге жуық білім саласының қызметкерлері қатысуда. Семинар жұмысы еңбек тәртібін сақтау,  ішкі саясат, діни сауаттылық,  қоғамдық денсаулықты сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, білім беру ұйымы басшыларының кәсіби шеберлігін арттыру, менеджменттегі жаңа технологиялармен таныстыру, білім саласындағы өзгерістерді енгізудің тиімді жолдарын табу және нәтижеге бағытталған жұмыстарды жүргізу, озық педагогикалық идеялар мен «Назарбаев зияткерлік мектебі» тәжірибелерін жалпы білім беретін мектептерге енгізу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту, жастар саясаты, еңбек инспекциясы, ішкі саясат, дін істері басқармасы,  қоғамдық денсаулық сақтау,  полиция департаменті,  «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалы Орал қаласындағы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті өкілімен, «Өрлеу» БАҰО АҚ БҚО ПКБАИ мамандары және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының ғылыми қызметкерімен кездесіп, ой бөлісіп, практикалық тұрғыда жұмыстанады.

Үш күнді қамтитын семинар аясында білім басқармасының ұйытқы болуымен «Ақжайық мейірім – мекені» қайырымдылық жәрмеңке-концерті ұйымдастырылды.

Аталмыш қайырымдылық шарасы облыс әкімі Алтай Көлгіновтің бастамасымен мүмкіндігі шектеулі, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатындағы «Мейірімді көктем» жобасы аясында ұйымдастырылды. Қайырымдылық концертіне Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ұжымы, Орал қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ филиалының, облыстық, қалалық білім беру ұйымдарының оқушылары, колледж студенттері қатысты. Қайырымдылық шарасынан түскен қаржыны БҚО білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жылы жүректі, жомарт қолды ұстаздар мен филармония ұжымына алғысын білдіре отырып, 6 бала тәрбиелеп отырған Владимир Еремин мен Бахытгүл Шакировалардың отбасына және 7 бала тәрбиелеп отырған жанұя Бисембай Қаржауов пен Ләззат Өтепқалиеваларға 280 000 теңгеден табыстады.

Өз кезегінде кеш иелері білім басқармасына, білім саласының қызметкерлеріне және жас өнерпаздарға шексіз ризашылықтарын білдірді.

 

Үміт Жәңгірова, БҚО білім басқармасы баспасөз хатшысы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
342 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
351 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
482 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
779 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
877 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1115 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1381 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1610 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1645 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1798 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1993 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2218 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2304 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»