8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Тамыз 2019 1891 0
Қоғам

ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДАЛУҒА КӨМЕКТЕСТІ

Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында көп балалы жанұяның жаңа оқу жылына дайындықтарына қол ұшын созды.

Оралдағы «Сарытау» шағынауданында тұратын Оразбаевтар отбасында осыдан бірер ай бұрын оқыс оқиға болған еді. Тұрғын үйге жапсаралас салынған сарайдан от шығып, әп-сәтте қос пәтерлі үйге от тарап, Оралбек пен Құралай бес баламен далада қалған болатын. Өрт сөндірушілердің жедел келгенінің арқасында жалын дер кезінде ауыздықталды. Дегенмен, тілсіз жау көпбалалы шаңыраққа айтарлықтай зиян келтірді.

Қазіргі уақытта олар қонақжай көршілері Мереке мен Ақботаның бір бөлмесін паланап отыр. Сарытаулықтар асарлатып, тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектесуде.

– Оқыс жағдай 5 шілде күні түс кезінде сарайдан басталған еді. Ол жерде газ немесе электр желісі жоқ. Сондықтан өрттің қалай пайда болғаны белгісіз. Айналадағы көршілеріміз үйдің ішіндегі заттарды сыртқа шығаруға көмектесті. Алайда, сарайға қойған қысқы киімдерімізді, күзгі, қысқы аяқ киімдерді алып үлгере алмадық. Қазіргі уақытта Сарытау тұрғындары жұмылып, үйді жөндеуге қолұшын созуда. Бізден басталған өрт көршілердің үйіне де жеткендіктен, олардың үйлерінің бүлінген жерлерін жөндеп беруіміз керек. Зачаганск кенті әкімдігі 10 қапшық цемент пен қарағайларды жеткізіп берді. Оқу жылы басталғанша, жөндеу аяқталып, үйімізге кіреміз деп күтіп отырмыз.  Балаларым оқитын №50 мектеп пен №38 «Жазира» балабақшасының ұжымы мектеп формасын алуға көмектесетіндерін айтты, – дейді отанасы Құралай Өтепова.

Отбасындағы балалардың үлкені Айбек – 10 жаста,  одан кейінгі Аяжан – 7 жаста. Екеуі №50 мектептің бастауыш сыныбында оқиды. Ал Айғаным биыл – даярлыққа барады. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы жасақтау бөлімінің бастығы, капитан Нұрлан Баймұханов пен басқарманың тәрбие, идеологиялық, әскери-патриоттық жұмыс және ҚР Қарулы күштерінің ардагерлерімен жұмыс бөлімшесінің инспекторы Жанар Қайсағалиева және мерзімді әскери қызметке шақыру бөлімшесінің сержанты, 3-сыныпты сержант Ғабит Ғалиев бүгін Оразбаевтар уақытша тұрып жатқан үйге барып, осы үш балаға сөмке толы оқу құралдарын табыс етті. Үйдің кішкентайлары Аянбек пен Айнабек те сыйлықсыз қалмады. Меймандар балалармен сөйлесіп, сабақтарын жақсы оқып, елдің патриоты болуларына тілектес екендіктерін білдірді.  Сондай-ақ алдағы уақытта отбасының жай-күйін назарда ұстайтындарын жеткізді.

Көпбалалы ана қиын кезеңде көмектесіп жүрген жандарға, мекеме-ұйымдарға аналық алғысын білдіруде.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
18 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
72 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
267 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»