«TORUSMAPS» ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНА ОРНАТЫЛДЫ
Бүгін қаладағы теміржол вокзалында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «TorusMaps» интерактивті 3D картасы таныстырылды. Аталмыш Қазақстанның картасы өңіріміздің киелі жерлерінің туристік әлеуетін, шаһардың қонақжайлылығын арттырып, қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын оятары сөзсіз.

– «TorusMaps» интерактивті 3D картасы заманауи технологияға сай жабдықталған үштілді алғашқы сенсорлы терминал. Терминалды толықтай өзіміз жасақтадық. Астыңғы құрылымы Қазақстанның 3D картасын жарықтандыру негізінде LED экран арқылы жабдықталған, өзі сенсорлы терминал. Терминалдың құны 1 млн. 800 мың теңгені құрайды. Мұнда Батыс Қазақстанның жеті киелі жері толықтай цифрландырылып, бес элементке қатынау мүмкіндігі қарастырылған. Мұнда мәліметтерді, фотогалереялар, графикалық бейнематериалдарды, виртуалды, 360 градустық панорамалық турларды және 3D форматында жәдігерлер немесе ескерткіштерді шолып қарауға болады. Өңірімізге келген туристер демалыс орындарын, киелі жерлерді, әлеуметтік маңызы бар нысандарды оңай табуы үшін толықтай цифрлық форматта іздеуді жүйеге келтірдік. Болашақта элементтерді толық қалыптастырып, әлі де тың мәліметтер енгіземіз. Туристік агенттіктерді жапырақты технологияға енгізу үшін мағлұматтар жинауымыз керек, – дейді жоба авторы.
– Қазіргі таңда ақпараттандыру аясында электронды терминалдар дайындалуда. Соның бірі – бүгін теміржол вокзалына орналастырылды. Күні бүгінде туристердің өңірімізге келуі 18 пайызға артып отыр. Осы бағытта туристерді нақты ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында аталмыш электронды панельдің маңызы зор. Электронды панельде облыстық киелі жерлері мен туристерге қажетті ақпарлар толық бар. Мәселен, мейрамханалар мен қонақүйлер туралы мәліметтермен қамтылған. Өткен жылы облыстағы республикалық тізімге енгізілген киелі жерлерге арнайы туристік бағдарлар жүзеге асырылды. Сол бойынша туристерге экскурсиялар ұйымдастырылады, – дейді облыстық кәсіпкерлік басқармасының бас маманы Әсел Әжмұханбетова. Айта кету керек, алдағы уақытта дәл осындай «TorusMaps» интерактивті 3D картасы қаладағы «Сити центр» сауда орталығы мен халыққа қызмет көрсету орталықтарына орнатылмақ.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу