8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Шілде 2019 1856 0
Қоғам

БҚО-ДАҒЫ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ 75 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

«Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Амангелді Таспихов өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәлихатында  ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. 

Алдымен төрағакәсіподақ ұйымдарының ұйымдық сапалық құрылымын, қатарын нығайту, олардың белсенділігін арттыру мәселесі туралы айтып өтті. Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы облыстағы ірі салалық, жергілікті, аудандық кәсіподақ комитеттері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарын біріктіріп отыр. Облыс көлеміндегі көптеген қызметкерлерді біріктірген кәсіподақтардың аясы да жылдан жылға кеңейіп келеді. Атап айтсақ соңғы бір жылда «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы және «Ынтымақ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің кәсіподағы құрылды, сонымен қатар 59 бастауыш кәсіподақ ұйымдары жаңадан құрылды, кәсіподақ мүшелері 10755 мүшеге өсті. Кәсіподақтар орталығы ҚР-сы «Кәсіптік одақтар туралы» Заңымен бірге басқа да нормативтік-құқықтық заңдарды басшылыққа ала отырып, өз жұмысын облысымызда қызмет атқарып отырған салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе жүргізіп келеді. Өңіріміз бойынша 75 мыңға жуық адамның ерік-жігері мен күш-қайратын бір арнаға тоғыс­тырып, ортақ мүддеге жұмыл­дырып келе жатқан облыстық кәсіподақ орталығындағы 15 салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының құрамында 1000-ға жуық бастауыш кәсіподақ ұйымы тұрақты түрде жұмыс жасап келеді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
40 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
89 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
52 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
278 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»