8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Мамыр 2019 1640 0
Қоғам

ОРЫНБОРЛЫҚ ОФТАЛЬМОЛОГТАР БАЛАЛАРДЫ ТЕКСЕРДІ

     Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Орынбор қаласындағы С.Федоров атындағы салааралық көз микрохирургиясы ғылыми-техникалық кешенінің офтальмолог дәрігерлері облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне тегін диагностикалық тексеру жүргізді.  

– Орынборлық дәрігерлер барлық тәрбиеленушілердің көздерін тексерді. Емдеуді қажет ететіндер мен ота жасайтын балаларды іріктеді. Себебі көзге  ота бірден жасалмайды, алдын ала дайындалады. Жалпы балалар арасында көз өткірлігінің кемуі секілді ауру түрлері жиі кездесті, – дейді облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының медбикесі Ұлмекен Ғаббасова.

– Бізде әлеуметтік жағынан қорғауды қажет ететін балаларға көмек көрсету бойынша арнайы жоба қолға алынды. Осы орайда Орал қаласына алғаш келуіміз. Балалардың көздерін тексердік. Менің тарапымнан қосымша тексерілуге, көзәйнек таңдауға кеңес берілді, – дейді орталық маманы Алекс Фирсов.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА     

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
18 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
72 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
267 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»