ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КӨШУДЕГІ КАДРЛАРДЫҢ РӨЛІ
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдында тұрған басты мақсат инновациялық мемлекеттік қызметке көшу болып табылады. Оған жету жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларсыз мүмкін емес.
Бұл ретте, ағымдағы жылдың 16 мамыр күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің базасында «Парасаттылық және заң үстемдігі – табысты ұлттың кепілі» атты тақырыбында барлық мемлекеттік қызметшілер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында облыстық деңгейде пікір-сайыс турнирі өткізілді.
Бір мемлекеттік қызметкер мен бір студенттен құралған сегіз команда тақырып бойынша дебат құрды. Ойын қорытындысы бойынша «Number one» және «Законопослушный гражданин» командалары жеңімпаз атанды. Олар ағымдағы жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық турнирге қатысу құқығына ие болды.
Версия для печати
Пікір үстеу