ОРАЛДА «АШЫҚ ӘКІМДІК» ӨТТІ
Бүгін Орал қаласындағы жұмыспен қамту орталығында «Ашық әкімдік» шарасы өтті. Қоғамдық қабылдауда облыс және қала басшылары мен орынбасарлары көпбалалы аналардың, аз қамтылған, көмекке мұқтаж отбасылардың өтініштерін тыңдап, әрқайсысына тиісті жауап пен кеңес берді.

Тұрғындар арасындағы туындаған көкейкесті мәселелердің шешімін жедел әрі тиімді жолмен шешу, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен транспаренттілігін қамтамасыз етуді көздеген шараға келушілердің дені әйел-аналар. Қазір көпбалалы аналарды жәрдемақы мөлшерін арттыру, тұрғын үй мен тұрмыс жағдайын жақсарту, еңбекпен қамту, балаларды балабақшаға орналастыру және басқа да мәселелер алаңдатып отыр. Бұл мәселеге жауапты сала мамандары аналарға тиесілі жәрдемақы мен атаулы арнайы көмек мөлшерін анықтап, атқарылатын әлеуметтік шараларды кеңінен түсіндірді. Ал баспана мәселесі бойынша нақты кеңестер берілді.
Мәселен, «Ашық әкімдікке» келген қала тұрғыны Гүлсім Аққалиева үш баланың анасы. Жолдасы базарда жүк тиеуші, өзі «Арба» қоғамдық бірлестігінде кіші қызметкер болып еңбек етеді. Балаларының үлкені 7-сыныпта оқыса, кішісі небары 7 айлық. Жолдасы екеуінің айлық табысы 87 мыңды құрайды, бұған баласы жасқа толғанша берілетін 18 900 теңге жәрдемақыны қосқанда жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санатына енбей тұр. – Бір бөлмелі жатақханада бес жан тұрамыз. Айына 25 мың теңгені пәтерақысына төлеймін, – деген ол әр балаға тиесілі 21 мың теңгеден үмітті. Ал жеті баланың анасы Толқын Төлегенова көпбалалы болғанымен, балаларына тиесілі жәрдемақыны ала алмай жүр екен.
– 2018 жылдан бері тиесілі жәрдемақыны ала алмай жүрмін. Өйткені, құжаттарым жарамсыз. Жолдасым жоқ. Үлкенім Ақтөбе қаласында медициналық университетте оқиды. Кенжем бір жаста. Жағдайым өте қиын. Үйім ескі. Қабырғалары сөгіліп тұр, – деген Күміс алқалы ана бүгін мәселесінің оң шешілеріне сенімді. Бұл күні тұрғындар әлеуметтік мәселелерден өзге қаланы абаттандыру, күре жол, бизнес бастау секілді түйткілді мәселелерді жергілікті атқарушы органдарға тікелей жеткізіп, жауаптарын алып жатты.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу