8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2019 1974 0
Қоғам

ОРАЛДЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ

Шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі саналады. Осы мереке Орал қаласы полиция басқармасында аталып өтті.

Шарада алғаш сөз алған Орал қ.ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Наурызбай Ғұмаров жеке құрамды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап,  татулық, отбасыларына береке-бірлік тіледі. Шашу шашылып, «Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін». «Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!» деген  ақ жарма тілектер айтылды. Бірнеше құрылымдық бөлімше қызметкерлері қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайып, көпшілікке наурыз көже ұсынды.

Өнерлі тәртіп сақшылары «Қос қарлығаш», «Қыз бала – гүл», «Үрбибі» әндерін әуелете шырқады. Ұлттық аспап-домбыра шанағынан «Көңіл толқыны» күйі төгілді.

Шара соңында жеке құрам жайылған «Наурыздың дәмі» дастарханынан дәм татып, тілектерін айтты.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»