ШАҺАР БАСШЫСЫ АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев шаһардағы түрлі салада белсенді еңбек етіп жүрген нәзік жандарды мерекелерімен құттықтады. Мерекелік дастарханда бас қосқан әйел-аналар қала басшысына ризашылығын білдіріп, емен-жарқын әңгімелесті.
– Біздің қазіргі қоғамда әйел тек отбасының береке-бірлігін сақтаушы ғана емес, әлеуметтік-саяси өмірге белсене араласатын қоғам мүшесі. Елімізде әйелдердің әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. Елбасымыз көпбалалы аналарға қолдау көрсету мәселесіне үлкен көңіл бөлуде. Жақында «Нұр Отан» партиясының съезінде де осы мәселеге назар аударды және мемлекеттен арнайы көмектер ұйымдастыруды, қолдау көрсетуді тапсырды. Тарихымызда бір отбасыға ғана емес, тұтас елге үлгі-өнеге көрсеткен ардақты аналарымыз бен батыр аруларымыз болған. Бүгінде ақ жаулықты аналарымыз, намысты аруларымыз қоғамның сан түрлі саласында елге адал қызмет етіп жүр. «Ананың қалауын орындаған, ананың ақ тілек батасын алған ұл-қызының ісі оң болады» дейді халық даналығы. Аналардың мұң-мұқтажы назардан тыс қалмайды. Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын, өмірлеріңіз қуанышқа толсын, – деп құттықтауын жеткізген Мұрат Рахметұлы әйел-азаматшаларға гүл шоқтары мен сый-сияпатын табыс етті. Сондай-ақ Елбасы Жарлығына сай, жеті баланы өмірге әкелген көпбалалы аналар Марина Алексеева мен Гүлсара Жидебаеваға «Алтын алқа» тақты.
Жиында аналарға қалалық мәслихат депутаттарының құттықтауын жеткізген қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеров: – Өзім де көпбалалы отбасында тәрбиелендім. Сегіз баланың үшіншісімін. Қазір анам – 83-те. Төрт қарындасым, екі келінім бар. Алты немеремнің бесеуі қыз бала. Ананың, қыз баланың өмірдегі рөлін өте жоғары бағалаймын. Сіздердің әрқайсыларыңыздың біз үшін орындарыңыз ерекше. Қалалық мәслихат депутаттары түрлі мәселемен жүгінген әйел-аналардың өтініштерін шешуге әрдайым атсалысып келеді. Ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, хал-жағдайларын біліп тұрады, – дей келіп, аналардың жағдайы үнемі назарда екенін жеткізді. Ал қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Нұрбаев кеңес құрамындағы нәзік жандардың қоғамдағы түрлі мәселелерге бей-жай қарамай, белсенділік танытып жүретінін айтты.
Жиында жазушы-журналист Мира Шүйіншәлиева аналарға құрмет көрсеткен қала басшысына барша әйел-азаматшалардың атынан ризашылығын білдірді. – «Ана –алақанның аясы, ақ шынардың саясы». Ана жүрегі тым терең, сол тереңдіктен сіз кешірім табасыз» дейді. Осы отырған аналар екі алақанына қоғамның тыныс-тіршілігін, елдің, заманның үнін сыйдыра алатын жандар. Өйткені әрқайсының қоғамда ойып тұрып алатын орны бар. Мұрат Рахметұлы, шаһардың көшін бастаған сізге, айналаңыздағы тілеулес жандарға аналардың атынан алғыс білдіремін. Қалада жасалып жатқан жұмыстарды үнемі ақпараттандырып, өздеріңізбен бірге жүреміз. Жақында Астана туралы бір фильмнің тұсаукесерінің куәсі болдым. Елбасы Астананы тұрғызарда бірі оны қолдайды, бірі қарсы шығады. Жолдасы Сара Астананы салмай-ақ қой. Халық арасында екі түрлі пікір туып жатыр деген секілді ойын айтады. Сөйтіп, қалғып кетсе, өмірден ерте кеткен аяулы анасы түсіне еніп, иығынан алақанымен сипап «Балам, бастаған ісіңді тастама. Уәдеңді орында» деп аян береді. Осылайша Елбасы аяулы анасының түсінде айтқан ақылына құлақ асады. Міне, ананың ұлылығы осында, – деген Мира Хамзақызы ел үшін, болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан игі істерге жеміс тіледі, кеудесіне алтын таққан қос ананы қуаныштарымен құттықтады. Кешті қала өнерпаздары әсем әндерімен айшықтап, аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу