8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Тамыз 2026 39 0
Без рубрики

Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті

Қоршаған ортаны қорғау, еңбекқорлық пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» тақырыбында экологиялық акция ұйымдастырылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің үйлестіруімен өткізілді.

Акция барысында қатысушылар аумақты абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу және қоршаған ортаға ұқыпты қарау бағытында белсенділік танытты.

Экологиялық шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа адал еңбектің маңызын түсіндіру, туған жерге деген жанашырлық сезімін қалыптастыру, сондай-ақ қоғам игілігі үшін жауапкершілікпен әрекет ету мәдениетін дамыту.

Іс-шара барысында адал еңбек, парасаттылық және жауапкершілік құндылықтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы маңызы атап өтілді. Қатысушылар қоғамның дамуы әр азаматтың өз ісіне адал қарауынан, заң талаптарын құрметтеуінен және ортақ іске жауапкершілікпен үлес қосуынан басталатынын жеткізді.

Тазалық пен көркейту жұмыстары арқылы қатысушылар қоршаған ортаға қамқорлық танытып қана қоймай, ұйымшылдық, өзара қолдау және адал еңбектің нәтижесін көрсетті.

Мұндай бастамалар азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттауға, адал еңбекке құрмет қалыптастыруға және қоғамдағы жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ғылым
«АЭС: Инвестиция энергиясы»
05 Тамыз 2026
42 0
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
146 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»