8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Тамыз 2026 38 0
Без рубрики

Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті

Мемлекеттік қызметшілер арасында өзара тиімді қарым-қатынасты нығайту, командалық рухты арттыру және ұжымдық жұмыстың сапасын жақсарту мақсатында Шыңғырлау ауданында тимбилдинг іс-шарасы ұйымдастырылды.


Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің үйлестіруімен өткізілді.
Тимбилдинг барысында мемлекеттік қызметшілер командалық ойындар мен арнайы тапсырмаларға қатысып, бірлескен әрекет ету, өзара қолдау көрсету және тиімді коммуникация дағдыларын дамыту бағытында тәжірибе алмасты.
Іс-шара қатысушылардың арасында сенімді қарым-қатынас қалыптастыруға, әріптестік байланысты нығайтуға және ортақ мақсатқа бағытталған командалық жұмыстың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.
Мұндай бастамалар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби ортасын дамытуға, ұжымдағы жағымды ахуалды қалыптастыруға және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Бір команда – бір мақсат! Бірлескен жұмыс – ортақ жетістікке бастар жол.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ғылым
«АЭС: Инвестиция энергиясы»
05 Тамыз 2026
39 0
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
145 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»