Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, адалдық пен әділдік қағидаттарын дәріптеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын нығайту мақсатында Шағырлой ауылындағы аудандық «Достық» жазғы сауықтыру лагерінде «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы таным сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шара 2026 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің үйлестіруімен және аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өтті.
Таным сағаты барысында қатысушылар адалдық, әділдік, адамгершілік, заңға құрмет және азаматтық жауапкершілік құндылықтарының маңызы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау мен адал еңбекті өмірлік ұстаным ретінде бағалаудың маңыздылығы айтылды.
Шара аясында оқушылар түрлі танымдық тапсырмалар мен зияткерлік ойындарға қатысып, өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетті. Мұндай формат олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етті.
Іс-шара қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар жүлделі орындармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.
Осындай ағартушылық іс-шаралар жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін нығайтуға бағытталған жұмыстардың маңызды бөлігі болып табылады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
