8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Мамыр 2026 39 0
Өңір жаңалықтары

Жергілікті атқарушы органдар мен «КПО б.в.» компаниясы арасындағы өзара іс-қимыл пысықталды

«Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушы жергілікті тауар өндірушілердің 1 млрд теңгеден астам өнімі «КПО б.в.» компаниясына өткізілген. Бұл туралы аталған компания мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы пысықталған кеңесте айтылды. Бөрлі ауданында өткен жиынға аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, іргелі компанияның бас директоры Марко Марсили қатысты. 


Облыс әкімі жергілікті қамтуды арттыру, өңір кәсіпкерлерін қолдау, әлеуметтік жобаларды сапалы әрі уақытылы орындау, жергілікті мамандарды даярлау, оқыту және жұмысқа орналастырудың маңызын атап өтті. 

«КПО б.в.» компаниясының Бас директоры Марко Марсили мәлімдегендей, 2020 жылы 333 экспат болса, бүгінде бұл сан 2 есе кеміген. Алдағы 5 жылда шетелдік мамандар үлесін тағы 50 пайызға қысқарту жоспарларған. Сондай-ақ, Қарашығанақта жұмыс істейтін компаниялардың басым бөлігі өңір аумағында тіркеліп, жергілікті салық түсімі ұлғайды. 

Облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы еңбек дауларының алдын алуға бағытталған меморандумның маңызына тоқталып, барлық тарапты жұмыстарды жауапкершілікпен жалғастыруға шақырды. Компания қоршаған ортаны қорғау шаралары бойынша жоспарды 2023 жылы 118 пайызға, 2024 жылы 112 пайызға орындаған. 

Аймақ басшысы еңбек және экологиялық заңнамалардың сақталуына назар аудартты. Компанияны «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыруға атсалысуға шақырды. Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушыларын одан әрі қолдау мақсатында компания мердігерлері мен зәкірлік коооперациялар арасында келісімшарттар мерзімін ұзарту және өнім түрлерін кеңейтуге басымдық берді. 

– Былтыр елордада өткен ауыл әкімдерінің форумында өңір делегаты облыс әкімдігі мен «КПО б.в.» компаниясы арасындағы меморандум жөнінде Президент алдында баяндады. Мемлекет басшысы бұл ынтымақтастықты оң бағалап, өзге өңірлерге үлгі ретінде айтты, – деді облыс әкімі. 

Кеңесте заңнамалық және әлеуметтік жауапкершілік жан-жақты талқыланды. Облыс әкімі «КПО б.в.» компаниясымен әлеуметтік әріптестік жоғары деңгейде дами беретініне сенім білдірді. 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
121 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
165 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
75 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
345 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»