8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Мамыр 2026 39 0
БІРЛІК

Бірлік күні игі істермен айшықталды

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында көгалдандыру жұмыстары өтті.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған игі бастамаға «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, Ақсақалдар және Аналар кеңесінің мүшелері, Ассамблея жастары қатысты.

Игі бастамада бас қосқандар 50 түп көшет отырғызып, жасыл аймақты көркейтуге үлес қосты.

Айта кетейік, аталған аумақта бұған дейін де теректер мен қылқан жапырақты ағаштар өсіп тұрған. Енді олардың қатары толығып, саябақтың келбетін одан әрі ажарландыра түспек.

БҚО әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Қоғамдық бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Гүлфарида Қасымқызы аталған шараның мәні терең екенін атап өтті.

– Бірлік күні облыстық Ассамблея өкілдері бір мақсатта, бір ниетте бас қосты. Бұл шара арқылы біз табиғатты көркейтуге үлес қосып қана қоймай, қоғамдағы татулық пен ауызбіршілікті де дәріптедік. Отырғызылған жас талдар – ортақ шаңырағымыздың беріктігін, достықтың тамыры терең екенін және келешек ұрпаққа деген ізгі аманатымызды білдіреді. Осындай игі бастамалар ел бірлігін нығайтып, туған жерге деген жанашырлықты арттыра түседі,- деді ол.

Бұл бастама Бірлік күнінің мазмұнын аша түсіп, мерекені нақты іспен ұштастырды. Көгалдандыру жұмыстары арқылы қатысушылар туған өлкені абаттандыруға ортақ үлес қосты. Ал саябаққа егілген көшеттер алдағы уақытта жасыл аймақтың көркін арттырып, көпшілікке жайлы орта қалыптастыруға сеп болмақ.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
87 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
128 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
65 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
305 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»