8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Сәуір 2026 43 0
Экономика

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы әрі Орталық Азиядағы жүгеріні терең өңдеп, жоғары қосылған құны бар өнім шығаратын ең ірі кешен болмақ.

Жоба өңдеу өнеркәсібін дамытуға және өңір экономикасын әртараптандыруға бағытталған. Екі кезеңді қамтитын жобаның алғашқысында астықты қабылдау, кептіру және сақтау үшін базалық инфрақұрылым құрылды. Қазіргі уақытта пайдалануға берілген. Екінші кезең барысында терең өңдеу өндірістік кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Зауыт толық іске қосылғаннан кейін жылына 150 мың тоннаға дейін жүгері өңдеп, 26 түрлі өнім шығаратын болады. Олардың қатарында тағамдық глюкоза, мальтозалы шәрбат, жүгері майы, крахмал және құрама жем бар. Өндіріс қалдықсыз цикл қағидаты бойынша ұйымдастырылып, тек ГМО-сыз табиғи шикізат қолданылады.

Басты мақсат – тұрақты шикізат базасын қалыптастыру. Осыған байланысты өңірде жүгері егіс алқаптарын ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Жаңа алқаптар Түркістан облысының Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарында игерілуде.

Кәсіпорынның технологиялық жарақтандырылуы 80% деңгейінде автоматтандырылған, бұл өнім сапасын жоғары деңгейде бақылауға, өндірістік шығындарды азайтуға және тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында озық халықаралық технологиялар енгізіліп, шетелдік мамандардың тәжірибесі ескерілуде.

Зауыт өнімдері Қазақстанның ішкі нарығына, соның ішінде тағам және фармацевтика өнеркәсібіне бағытталады, сондай-ақ Азия мен Еуропа елдеріне экспортқа шығарылады. Жүгері крахмалы, шәрбаттар және басқа да өнімдер түрлі өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады, бұл кәсіпорынның экспорттық әлеует күшейтеді.

Болашақта зауыт қуатын жылына 300 мың тоннаға дейін арттыру және әлемнің 100-ден астам компаниясымен халықаралық әріптестікті тереңдету жоспарлануда.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
42 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
92 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
279 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»