Малдың да киесі бар!
Бүгін, қасиетті Құрбан айттың алғашқы күні! Оралдықтар да таңертеңнен бір Аллаға сыйынып, бір қара малды құрбандыққа шалуға асықты. Соның бірі – өзіммін.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша бұл жолы «Ел ырысына» бардым. Бірақ мал соятын орынның ластығын көріп, жағамды ұстадым. Ертеңгісін тап осы базарда жантүршігерлік оқиға болса, болғандай екен.
«Ел ырысының» мал бауыздайтын арнайы жерінде ешқандай санитарлық талап сақталмаған! Құрбан шалушылар да көп. Өңірдегі бір-екі имам осында жүр. Талап пен тәртіптің жоқтығын көрсе де көрмегендей. Аталмыш базардың бас дәрігерлері де мешіттің өкілдеріне ескерту жасаған соң төбе көрсетті. Өздерінше қасапшыларға ескерткен сыңай танытты. Алайда, ештеңе өзгере қоймады.
Сауда қыза түсті. Базардың ауласы мал тиеген көлікке толы. Құны 40, 50, 70,80 тіпті, 150 теңгеге қымбаттаған төрт түлікті жер-жерден әкеліпті. Оны қойшы! Қақы қанша тұрса да, Құдайға құлшылық ету, Айттан-айтқа аман жету, барға шүкірлік ету – әр мұсылман баласының парызы іспеттес. Отбасыңның амандығы үшін жылына бір келетін Құрбан айттан кім аянған?! «Садақа – сауап! Аллаға құлшылық – имандылық» деп, құрбанға шалатын малды тап-таза, суы мол жерде союды әке – шешем бала күнімде жадыма тоқыған. Алайда «Ел ырысындағы» жағдай, шашыраған қан, бірінің мал бауыздайтын тақтайын екіншісі аяғымен таптап жатқан қасапшы ренішімді туғызды. Жерде көзі аларып жатқан қойдың басы!
Ашылмаған ішек-қарын мен сирақ ысырапшыл, астамшыл, аяушылық пен мейірімділіктен алыстап кеткенімізді дәлелдегендей. Тіпті, тікеңнен тік тұратын жер жоқ!
Айтпағым, төрт аяғы тыпырлап лас жерде жан тапсырғалы жатқан малдың киесі бар емес пе?! Аталмыш базарда жалаңаш тақтайға төсейтін қатты қағаз, мешок жоқ па еді?! (Мұндай салақтыққа дәтім шыдамай, оқушы баладан сары пакеттің бірнешеуін сатып алып, сойғалы жатқан қойдың астына төсеттірдім.)
Екіншіден, тиісті ұйымдар мал союдың тәртібін, тазалық мәселесін қасапшыларға ескертіп, тіпті, кіреберіске жазып қою керек еді.
Үшіншіден, кім ақ адал ақшасына сатып алған малын лас жерге сойғысы келеді?! Обал-сауап қайда?!
Мал сойсақ болғаны дегендей, көк тасты бояп тастаған қызыл қанды тәпішкілерімен басып тұрған жұрттың есебі жоқ! Бәрі тазалықтың жоғын көріп тұр. Бірақ та үндемейді.
Сонымен, «Ел ырысындағы» бүгінгі жағдайға мына суреттер куә! Көптен күткен Құрбан айтымыздың базардағы бүгінгі сыйқы осы!
Мұндай көріністі көріп тұрып, көңіл шыдамайды! Айтпасаң, ішке сыймайды!
Жауапты мекемелер бұдан нәтиже шығаратын шығар? Алда әлі айттың екі күні бар! Тым болмаса, мешіттің имамдары қасапшылардан малды адал союды, қолдарын әлсін-әлсін жууды, тазалыққа мән беруді ескертсе етті?! Әншейінде, «обал – сауап» туралы сайрайды ғой.
Мира ХАМЗАҚЫЗЫ,
«Жайық Үні»
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру