«Баспанасы қираған саяжай иелерінің өтемақысы дұрыс бағалануы қажет»
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Сәрсенғалиев су тасқыны кезіндегі Үкіметтің маңызды қаулыларын қазіргі төтенше жағдайға сәйкес өзгерту керек екенін ұсынды.

«Бүгінгі депутаттық сауалым қарғын су қара шаңырағын ағызып әкеткен ағайынның арызы. Қызыл су арнасынан адасып аққанда, қыларға амал таппаған адамдар топан судың беті қайтқанда далада қаңғырып қаламыз ба деп қорқып жүр. Алпыс күн тасыған су, алты күнде қайтқанмен, қияметін қайтарып әкетпейді деп 2 апта бұрын дәл осы мінберден айтқаным да сол еді. Жайық өзені ағып өтетін Батыс Қазақстан облысындағы ағайынның ахуалы қазір арқамды аяздай қарып барады. Сәт сайын сан құбылған сандарға назар салсақ, Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан 1 292 тұрғын үйге зақым келген. Соның 116-сы – Қаратөбе, 243-і – Сырым, 218-і – Бөрлі, 649-ы – Теректі, 43-і – Бәйтерек, алтауы Тасқала ауданында, ал 17 үй Орал қаласында орналасқан. Су астында қалған үйдің сыз тартатыны, қабырғасы көгеріп көпшілікті күркілдеген жөтелге душар қылатыны сараптамасыз-ақ саналы адам түсінетін дүние», – деді Н. Сәрсенғалиев Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалында.
Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысындағы тағы бір күрделі ахуал саяжай мәселесіне қатысты. Деркөл, Шаған және Жайық өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан 14 839 саяжай учаскесін су басқан. Оның 14 466-сы – Орал қаласында, 112-сі – Бәйтерек, 245-і – Бөрлі, 16-сы Теректі аудандарында орналасқан. Ол жақта мыңдаған адам тұрады.
«Саяжай дегенің қазақ үшін демалыс күндерін өткізетін емес, тұрақты тұратын орынға айналғалы қашан. Соның өтемақысына қатысты түсініспестік әлі тоқтамай тұр. Өйткені, ағынды судың астында қалған саяжай иесіне қанша ақша беріледі немесе қашан, қай жерден басқа үй ұсынылады? Бұл деректер әзірге орталықтандырылмаған. Ақпарат жұртқа жедел жетуі шарт. Тасқын су тосыннан келгенде тосып үлгермеген мыңдаған қандас қазір БҚО-да сең соққан балықтай есеңгіреп қалды. Олардың әкімдікке барып, жанайқайын жеткізгенін дүйім жұрт көрді. Сондықтан онсыз да қарғын судың салдарынан қара шаңырақсыз қалған азаматтардың заңды талаптарын уақытылы орындауымыз қажет», – деді депутат.
Оның пайымынша, су астында қалған баспана мен саяжайларды бағалауы тиіс комиссия жұмысын бір ізге келтіру керек. Сол үшін әр аймақтағы комиссияның әр үй бойынша қорытындысы, негіздемесі, фото-видео дәлелдемелері нақты бір жерге жинақталуы тиіс.
«Баспанасы қираған саяжай иелерінің өтемақысы әділетті бағалануы қажет. Әр үйдің, саяжайдың, техника мен төрт түліктің өтемақысы қашан төленетіні әр қорытындының ішіне жүктелсін. Ол ақпараттармен барлық азаматтың танысу мүмкіндігі болуы шарт. Су астында қалған мыңдаған саяжайдың ауласында лас қалдықтарға арналған шұңқырлар болды, демек ондағы қалдықтар суға бетіне шықты. Сондықтан ол аумақтарға дереу санитарлық-профиктикалық шаралар жүргізу қажет. Ең негізгісі, Үкіметтің маңызды қаулыларын бүгінгі төтенше жағдайға сәйкес өзгерту керек. Олардың осындай төтенше жағдайдағы үй беру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен өтемақы төлеу тетіктерін қайта қарау керек», – деді Нартай Сәрсенғалиев.
Дереккөз: kazinform.kz
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру