8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Сәуір 2024 3712 0
Қоғам

Мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқығын қорғап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңға қол қойды. Бұған дейін заңды сенат қабылдаған еді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Заңның мақсаты – әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату.

“Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Парламент палаталарының отырыстарына Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты”, – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Заңға әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді:

  • денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды;
  • неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылған;
  • отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Оның рөлін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға атқарады. Бұл ретте мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекет етіп қана қоймай, байланыс орталығына азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беруге міндетті болады;
  • тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді;
  • өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді;
  • 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды;
  • кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді;
  • білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті;
  • 16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды.

Жалпы заңда 15 заңнамалық актіге, оның ішінде 7 кодекске және 8 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сонымен қатар, заңға енгізілген түзетулер өзіне қол жұмсағаны, өзін-өзі өлтіруге итермелегені немесе өзіне қол жұмсауға ықпал еткені үшін қылмыстық жауапкершілік – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру/шектеу, кәмелетке толмағанға қатысты – 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Заңда суицидті насихаттағаны үшін жаза енгізілген. Бұл үшін қылмыскерге 200 АЕК дейін айыппұл салынады. Егер үгіт-насихат өзіне-өзі қол жұмсауға итермелесе, 1 жылға дейін бас бостандығынан шектеу/ айыру, егер ол өз-өзіне қол жұмсауына әкеп соқтырса 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Заңның тағы бір маңызды бағыты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді еліміздің облыстарының әрбір ауданында Отбасын қолдау орталықтары ашылады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте кезден анықтау бойынша мобильді топтар құрылады.

Қудалау туралы сөзге келгенде, кәмелетке толмағандарды қорқытқаны үшін 10-нан 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Кәмелетке толмағанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін ата – аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне 10 АЕК айыппұл салынады, ал 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды автобустан және өзге де қоғамдық жолаушылар көлігінен ертіп жүруінсіз мәжбүрлеп түсіргені үшін – 5 АЕК айыппұл салынады.

Барлық типтегі және нысандағы интернаттарда тұратын балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында алдын-ала ескертусіз мемлекеттік бақылау енгізіледі, ал балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер және білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдардың қызметін жүзеге асыру лицензия негізінде ғана ұсынылады.

16 жасқа дейінгі балаларды жыныстық сипатта қорлағаны үшін 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамауға алу, кәмелетке толмағанды заңсыз түрде бас бостандығынан айыру үшін – 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал кәмелетке толмағанды ұрлағаны үшін – 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
46 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
264 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
756 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1133 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1065 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1493 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2109 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2276 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2283 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2331 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2337 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1980 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2816 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2873 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2866 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3476 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3448 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3434 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3412 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3576 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3622 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»