8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Наурыз 2024 2459 0
Бәрекелді!

Екі дүркін әлем чемпионы полицей болғысы келеді

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының кішкентай 12 жасар тұрғыны полиция қызметкері болсам деп армандайды.


Бахирев Давид
Сергеевич  – 12 жаста, 6 сынып оқушысы. Спортпен 2017 жылдан бері, яғни бес жастан бастаған. Осы кезге дейін TAEKWONDO ITF, бокс, еркін күрес, футбол спорт түрлерімен айналысып келеді.

Осы спорт түрлерінен түрлі чемпионаттар менжарыстарға қатысып, бірнеше жүлде иегері атанды.Оның спорттық қоржынында 70 –тен астам медаль мен марапат парақтары жинақталған.

Соның ішінде Давид Қазақстанның бірнеше қалаларында TAEKWONDO ITF бойынша оздырылған сайыстардың абсолютті чемпиониегері. Сондай-ақ, осы спорт түрі бойынша Беларусия мемлекеті Минск қаласында өткен әлем кубогының екі дүркін чемпионы. Ресей елінің бірнеше қалаларында өткен  TAEKWONDO ITF и КИКБОКСИНГ бойынша халықаралық турнирлердің көп дүркін чемпионы.  Орал қаласында KUDO бойынша жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы.

БҚО Бокс Федерациясы ұйымдастыруымен өткен Батыс Қазақстан облыстық чемпионатының екі дүркін чемпионы (2021 және 2022ж.)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған жеңіл атлетикадан Орал қаласының ашық чемпионатында 300 м. жүгіруден алтын жүлде иегері.

Сондай-ақ,  Шешен республикасы Грозный қаласында аралас жекпе-жектен ММА бойынш жарыстың күміс жүлде жеңімпазы атанған екен.

Бүгінде Давид «қызыл белбеу» иегері және спорт шеберінің кандидатына жаттығу үстінде.  

Давид кішкентай жүрегімен полиция қызметкері болсам дейді. Кішкентай болса да, осы 12 жасына дейін үлкен белестерді бағындырған балақай жол  сақшысы болсам  деп өзіне мақсат қойған екен. Тіпті, қызыққаны соншалық, өзіне арнап полиция қызметкерінің нысанды киімін де арнайы тіктіртіп алған. Оның бұл қызығушылығын естіген полиция қызметкерлері оған қолдау білдірді. Департамент басшылығы оны қабылдау шықырып, сәттілік тіледі. Осы жаста талай сайыстарды бағындырған балақайға қолдау білдірген БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ж.Ж.Жаншин Давидтің қолын алып тұрып, болашақта полиция қатарына шақырды. Бойында мақтаныш пен сенім оты ойнаған ол полиция қызметінің күнделікті қызметімен танысты. Орал қалалық патрульдік полиция батальонының кешкі таратылымынақатысып, тәртіп сақшыларының тапсырма жазып, берілген пәрменді бұлжытпай орындау барысынатаңдана қарады.  Одан әрі патрульдік полиция көлігіне мініп, қала тыныштығын күзететін полицейлердің қызметін өз көзімен көрді.

Сонымен қатар, кездесу кезінде Қазақстанның «Динамо» дене-шынықтыру және спорт қоғамы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Е.Ставкин жас спортшына қуана динамошылар қатарына қосып, арнайы сыйлықтар тарту етті.

Давидтің отбасында үш ер бала өсіп келеді. Ол бауырларының ортаншысы, алдында 27 жасар ағасы мен артында 3 жасар інісі бар. Давидтің атасы бұрын еркін күреспен айналысса,  ал ағасы Илья бір кездері грек-рим күресімен және кикбоксингпен  айналысса керек.

«Давид жас болса да оның биіктерге қол созған армандары тым бөлек. Ол өскенде полиция қызметкері болсам дейді. Баламның қиын да қауіпті салада еңбек етуге құлшынысы зор. Давид өзі бірбеткей, айтқанынан қайтпайтын, қайсар бала. Сондықтан оның полиция қызметкері болуына еш қарсылығымыз жоқ. Өмірде жолы болсын! Қолдау білдіреміз», – деп әкелік қолдауын білдірді Сергей Сергеевич.

Біз де өз кезегімізде өмірге деген құлшынысы осы кезден тым биіктен бастау алған Давидке арман-мақсаттары орындалып, мақсатына жетуіне тілек білдіреміз. Адамға биікке самғау үшін қанат бітіретін  ол арман. Армандарың орындалсын, Давид!

Асылай ГУБАШЕВА,
БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
126 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
167 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
412 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
894 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1271 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1163 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1630 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2247 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2412 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2419 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2470 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2475 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2078 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2954 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3007 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3001 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3616 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3583 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3574 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3549 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3710 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»