8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Ақпан 2024 2499 0
Қалалықтар қаперіне

Маска режимі қайта енгізілді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова «Ауа тамшылары арқылы таралатын жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау бойынша профилактикалық шараларды күшейту туралы» қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында бетперде тағу режимі енгізіледі. 

Фото: sindobatam.com

Қаулыға сәйкес Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшыларына медициналық ұйымдардың қызметкерлері мен келушілерінің медициналық бетперде тағуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Өз кезегінде облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға халық көп жиналатын орындарда медициналық немесе матадан жасалған бетперделерді пайдалану ұсынылады.

Атап айтқанда, әуежайлар, вокзалдар, базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктерде де бетперде тағу ұсынылады.

Сондай-ақ масканы көліктің барлық түрінде қолдану ұсынылады: қоғамдық, әуе және теміржол.

Қаулы 8 ақпанда шығарылды және қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
143 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
354 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»