Қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды – Әлихан Смайылов

Биыл наннан тарықпаймыз. Премьер-министр Әлихан Смайылов, Үкімет отырысында осыған сендірді. Егін ору науқаны фермерлер үшін оңай болған жоқ. Орақ ұзаққа созылып кетті. Өнім аз жиналды. Элеваторларға түскен бидайдың 40 пайызға жуығы ешқандай класқа жатпайды. Астық қорын толтыру үшін Үкімет қандай шара қабылдады? Айя Мүтәлі тарқатады.
Биыл егін жинау науқаны қиын жағдайда өтіп жатыр. 25 күн толассыз жауынның кесірінен астық 6 млн тоннаға аз шықты. Солтүстікқазақстандық шаруа Бекбол Қасмақасовтың жинаған егіні былтырғыдан едәуір аз. Өткен жылы қамбаға 23 центнер бидай түссе, биыл 18 центнер жинаған.
Бекбол Қасмақасов, шаруа:
Биыл 1480 гектар бидай сепкеніміз. Арпа 170 гектар. Лен 250 гектарға септік. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жақсы өнім алдық деп ойлаймын.
Ауа райы диқанға да, техникаға да қолбайлау болды. Жиналған егіннің 40 пайызы жарамсыз. Десе де, Үкімет басшысы алаңдауға негіз жоқ деп отыр.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды. Өткен жылдан қалған қорды ескеретін болсақ, жиналған өнім көлемі ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті.
Қазір 11 млн 400 мың тонна бидай, 3 млн тонна астық дақылдарының қоры бар. «Бұл елді нан, ұн және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті», -деді Ауыл шаруашылығы министрі. Ал қолайсыз ауа-райынан зардап шеккен фермерлерге көмек беріледі. Ол үшін «Аграрлық несие корпорациясы» мен «ҚазАгроҚаржы» филиалдарына жүгіну қажет. Сондай-ақ, субсидияны уақытылы ала алмаған шаруаларға қарыз жыл соңына дейін төленбек.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Бастапқы кезеңде 30 млрд теңге мөлшерінде субсидиялар бойынша берешек өтеледі. Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданды, ал қалған қарыздар жыл соңына дейін жабылады.
Егін жинау үшін 426 мың тонна дизель жеңілдікпен беріледі. Оны шаруалар 250 теңгеден ала алады. Сондай-ақ, қазақстандықтар еттен де таршылық көрмейтінін айтады. Қазір қысқы жем-шөпті түгендеп, шаруаларға қосымша субсидия бөлу жағын қарастырып жатыр.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Шаруаларды қолдау үшін шаралар көп. Біріншіден, субсидия беріп жатырмыз. Арзандатылған кредит беріп жатырмыз. Үшіншіден, квотамен 60 мың бас. Әрмен қарай квотаны ұлғайтамыз.
Айя Мүтәлі, тілші:
Тағы бір жағымды жаңалық – апорт алмасы ресми түрде Алматыдан шыққан қазақстандық бренд болып тіркелді. Әділет министрі Үкіметтегі жиыннан кейін осылай деп мәлімдеді. Қазір оны Франция және Польша секілді елдерге экспорттап, жемістің бұл түрін халықаралық брендке айналдыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Толығырақ: qazaqstan.to
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру