Көлікті мас күйде басқару азаяр емес

Батыс Қазақстан облысының полицейлері жүргізуші куәлігінсіз мас халде көлік басқарған тұрғындарды ұстады.
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп тұрады.
Батыс Қазақстан облысының полицейлері осындай кезекті рейдтік іс-шаралар барысында қала көшелерін патрульдеп келе жатып, «Променад» сауда үйінің жанында күдік туғызған “Hyundai Accent“ маркалы автокөлікті тоқтатады. Автокөлік иесінің құжаттарын тексере келе, оның Орал қаласының 1994 жылы туған тұрғыны екені, жүргізушінің мас халде және құжатсыз екендігін анықталды.
Белгілі болғандай жүргізуші 2021 жылдың 24 қыркүйегінде өмір бойына көлік айдау құқығынан айырылған. Ол сол кездегі әрекетінен сабақ алмай, жүргізілген медициналық зерттеудің қорытындысына сәйкес есірткіге мас күйінде көлік басқарғаны анықталып, тағы да қайталап отыр.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес “Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру“ бойынша тіркелді.
Сондай-ақ, қазанның 26 күні сағат кешкі 21:40 кезінде 1965 жылы туған жүргізуші «Hyundai Accent» маркілі автокөлігін басқара отырып, Орал қаласындағы Құрманғазы көшесінің бойында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп, кәмелетке толмаған 2010 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетуге жол берді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, бұл дерек те сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес «орта дәрежедегі мас күйі жағдайында» болғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-1 бабы 1-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Негізінде жол-көлік оқиғалары көбіне осылай рөлге мас күйде отыру салдарынан болады. Сондықтан ішімдік ішіп көлік тізгіндемеңіз. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгенің де өміріне қауіпті болмақ!
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру