8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Маусым 2023 1587 0
Бәрекелді!

Сақшылар спорт алаңында

23 маусым – Қазақстан полициясының күніне орай «Парк» спорт кешенінде басқармадағы барлық құрылымдық бөлімшелер арасында шағын футболдан жарыс өтті.

Облыстық «Динамо» спорт және денешынықтыру қоғамы мен Орал қ.ПБ бірлесе ұйымдастырған спорттық шараға алты команда қатысты. Сәрсенбідегі жарысты тамашалауға тәртіп сақшыларының отбасы мүшелері, тума-туысқандары және жанкүйерлері жиналды. Тәуліктің алғашқы жартысында шағын футболдан турнир басталып, мини- футбол қызу тартысты өтті.

Орал қаласы полиция басқармасының командасындағы жас жігіттер ерекшеленіп, алаң ортасында доп қуудан І орынды ешкімге бермеді. Абай полиция бөлімінің сақшылары да қарсылас команданың қақпасына екі еселеп доп соғып, қақпашыны шеберліктерімен таң қалдырды. Қақпаға көп доп соққан Орал қ.ПБ командасы І орынды жеңіп алды.

Абай полиция бөлімінің командасы ІІ орынмен жеңіс тұғырына шақырылды. ІІІ орын Орал қ.ПБ Патрульдік полиция батальонының командасына берілді.

Жеңіске жеткен комадалар мен түрлі номинацияға қол жеткізген сақшыларға Орал қ.ПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жеңіс Нұрмұханов пен облыстық «Динамо» спорт және дене шынықтыру қоғамы төрағасының орынбасары Артем Мироненко «Динамо» қоғамы атынан кубоктар, бағалы сыйлықтар тапсырды.

Өз тілшіміз

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
146 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
130 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
357 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»