Жазушыны ұлықтады
Бүгін, 12 сәуір күні Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония және Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен туғанына 115 жыл толып отырған қазақтың көрнекті жазушы Хамза Есенжановты ұлықтауға арналған «Арманың үндес еді Ақ Жайықпен…» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кешті облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов ашып, сөз сөйледі. Ақын Айтқали Нәріков «Жастар форумы» және Хамза оқуларының «Авторлық туынды» тақырыбындағы аталым иегерлерін марапаттады.
Әр екі жыл сайын өтетін «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» тақырыбындағы шығармашылық байқау жазушының жұбайы София Тастемірованың рухына арналды. Аталмыш байқауда әділқазы алқасының шешімімен «Бас жүлдені» иеленген Қ.Мырзалиев атындағы №47 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Камила Қанапия София анамыздың хаттарын оқып, көрініс қойды. Өңір әншілері «Көп болды Ақ Жайыққа бармағалы», «Ақ бақай», «Ақ Жайық», «Өмір», «Елім», «Ақ Жайығым» әндерін шырқады.
Шара барысында жазушының шығармашылық мұрасы сөз болып, фотосуреттері мен кітаптарынан көрме жасақталды.
Дәметкен ТАЛҒАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу