8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Сәуір 2023 1948 0
Қалалықтар қаперіне

Әскерге баратындарға қатысты мәселе талқыланды

Бүгін, сәуір айының 10-ы күні облыстық әкімдіктің «Ықсанов» залында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың төрағалығымен аппараттық кеңестің отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының міндетін атқарушы Альберт  Бекмұханов  әскерге барудан қашып, жалтарып жүрген азаматтарға қатысты  хабарламасын мәлім етті. Әскерге шақырылғандар, шеттетілгендер, жалтарып жүргендер бойынша статистикалық деректер келтірілді. – Қордаланған мәселенің негізгі себебі – әскерге шақырылушылардың тұрақты мекенжайларының болмауы. Көпшілігі қалада жұмыс жасайды. Тұрақты тіркелген жері болмағандықтан, борышын өтеуден жалтарып жүргендерді іздестіру және табу жұмыстары қиыншылық туғызуда, – деп Альберт  Бекмұханов атап өтті.

Кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселесі бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының міндетін атқарушы Исатай Мыңбаевтың мәлімдеуінше, ағымдағы жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» туралы Ұлттық жоба аясында адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді  шараларына тарту жоспарланып, бірінші сәуірге дейін 7010 адам әр түрлі бағыттар бойынша өтініш берді.

Жиын соңында облыс әкімі Нариман Төреғалиев күн тәртібіндегі қаралған  мәселелерге қатысты  айтылған сындардан  жауапты мамандар нәтиже шығатындай жұмыстар жүргізіп, үнемі бақылауда ұстауларын тапсырды.

 

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
102 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
76 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»