«THE BEST FOR YOU»
Осындай атаумен А.Островский атындағы драма театрында «TALANT.SHABYT.TALAP» форумының аясында қайырымдылық көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Театр фойесінде қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілерінің қолынан шыққан сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығы және бейнелеу өнері бұйымдарынан қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке барысында 100-ге жуық туындылар ұсынылып, 98 000 теңге қаражат түсті.
Жәрмеңкеден соң қосымша білім беру саласының 100 жылдығына арналған мерекелік салтанатты концерті өтті. Кеш шымылдығы Орал қаласы білім мекемелерінің вокал топтары мен хореографиялық ұжымдарынан құралған сазды-хореографиялық қойылыммен басталып, атақты термешілердің орындауында ақын Талап Таймасұлының сөзіне жазылған қосымша білім беру педагогтеріне арнаған арнауымен жалғасын тапты. Салтанатты шараға қатысқан облыстық білім басқармасының басшысы Ш.Қадырова ғасырлық тарихы бар қосымша білім саласының қызметкерлерін мейраммен құттықтап, облыс әкімінің атынан алғыс хаттар мен білім басқармасының атынан бірқатар қызметкерлерді құрмет грамоталарымен марапаттады.

Сонымен қатар «The Best for you» қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатты ерекше қамқорлықты қажет ететін №4 ЖББОМ оқушысы Тұрарбек Маратқа табыстады.
Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу