ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ БАТЫРЛАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Отан алдында әскери борыштарын адал атқарған сарбаздардың рухына арналған Жалпыұлттық аза тұту күні біздің Орал қаласында да аталып өтілді.
Өкінішке орай, Қызылорда мен Талдықорған қалаларындағы тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі екі әскери сарбазы Мадияр Қайсаров пен Айбат Кәрімов қаза тапқан еді. Екеуі де наразылық митингі барысында қаруланған содырлар мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасаған тұста қылмыскерлерге тойтарыс беру кезінде көз жұмды. Сол кезде қатардағы жауынгер Мадияр Қайсаров Қызылордадағы қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру бойынша жауынгерлік міндетті орындады. Мадияр қаруластарын әрі қарай итеріп құтқарып, өзі қылмыскердің жүк көлігінің дөңгелектерінің астына түскен. Сол секілді қатардағы жауынгер Айбат Аманов Талдықорғанда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіруге қатысып, мародерлермен шайқаста қаза тапты. Небәрі жиырма жастағы Мадияр Қайсаров пен он тоғыз жасар Айбат Аманов барлық әскери құрметпен жерленді. Осы орайда, 5517 әскери бөлімінің плацында әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және біздің еліміздің атынан, біздің азаматтарымыздың игілігі үшін қаза тапқан бейбіт тұрғындарды аза тұту қаралы митингісі өтті.
Ерболат СҰЛТАНОВ,
подполковник
***
Жалпыұлттық аза тұту күніне орай, шаһар тұрғындары мен өлкедегі зиялы қауым, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының ұжымы, студент-жастар елімізде болған қанды оқиғада оқыстан қаза тапқан сарбаздардың рухына Құран бағыштады.
Алдымен ата-бабалар рухына тағзым етіп, Мәңгілік алау мен Сырым Датұлы ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. БҚО мешітіне арнайы барып, имамдарға дұға – сүрелерді оқытты. Қазақстанда енді мұндай жағдайдың қайталанбауын тілеп, жастарды араңдатушылыққа, жел сөзге ермеуге шақырды. Бейбітшілігіміз бен тыныштығымыздың шырқын бұзғысы келген дұшпандарға қарсы айбат көрсеткен ел сарбаздарының ерлігі ешуақыт ұмытылмайтынын айтты.
***
Жалпыұлттық аза тұту күніне орай «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ұжымы лаңкестердің кесірінен бейбіт күнде шейіт болған отандастарымызды еске алып, рухына тәу етті.
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы бір кісідей жиналып, ұлттық қаралы күнді жан-дүниесімен сезініп, ел шетін қызғыштай қорып, шейіт болған шекарашы сарбаздардың рухына тағзым етіп, еске алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдемесі тыңдалып, «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов сөз сөйлеп, әскери қызмет барысында ерлік пен батырлық танытып, елдегі қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтап, өз борышын соңына дейін адал орындап, қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Еліміз үшін осы қиын күндерде Отанымыздың болашақ тағдыры үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алған, қоғамдық тәртіп орнатуда теңдессіз шаралар қабылдаған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жанына топтасуға шақырды.
Өз тілшілеріміз
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу