ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Е.ТОҒЖАНОВ БҚО-ҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
БҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Бибігүл Асылова өңірдегі оқушылардың білім алу жағдайын назарға алып, осы ретте білім ұяларында болды.
Министрлік өкілдеріне Орал қаласы Меловые горки елдімекеніндегі №18 орта мектептің құрылыс жұмысы таныстырылды. Жаңа білім ұясының салынуы елдімекендегі үшауысымды оқытуды жоюға мүмкіндік бермек.
Мектеп құрылысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында осы жылдың маусымында басталған болатын. Құрылысқа 1.2 млрд. теңге бөлінген. Мердігер мекеме – «Альтаир» ЖШС. Құрылыстың аяқталуы жоба бойынша 2022 жылдың ІІ тоқсаны. Десек те мердігерлердің қарқынды жұмыс жүргізуінің нәтижесінде 300 орындық нысанның осы жылдың соңына дейін аяқталуы күтілуде.
Жаңа ғимараттың пайдалануға берілуімен қазіргі уақытта 1988 жылы салынған 60 орындық мектеп ғимаратында үш ауысыммен білім алып жатқан 276 оқушы көшірілетін болады. Сондай-ақ бұл ғимараттың пайдалануға берілуі елдімекенде мектепке дейінгі жастағы балғындарды мектепке дейінгі ұйыммен қамту мәселесінің шешілуіне оң ықпал етпек.
БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев мәлім еткендей, облыста қазіргі уақытта 4 үшауысымды және 8 апатты жағдайдағы мектеп бар. Мәселелерді шешу үшін 10 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның екеуі – жергілікті бюджет есебінен, екеуі жеке инвесторлар есебінен салынуда. Ал төрт мектеп – «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламамен бой көтеруде
Жыл соңына дейін облыс орталығындағы №33 мектеп ғимараты және Қазталов ауданындағы Сарықұдық мектебі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1000 мектеп салу туралы тапсырмасына орай облыста 81 мектеп салу міндеті тұр. Оның 51-і шағын комплектілі болса, 20 мектеп 300-ден астамға орынға есептеледі. Сонымен қатар жеке инвесторлар есебінен 10 мектеп жоспарланған. 2025 жылға дейін бұл міндетті орындау үшін 45 млрд. теңгеге жуық қаражат қажет. Осы орайда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтан қолдау көрсету сұралды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру

Пікір үстеу