«АВТОБУС» ІС-ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Орал қаласында жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушілері тарапынан тіркелетін жол-көлік апаттарының алдын алу мақсатында және апаттылықтың жай-күйін талдау үшін «Автобус» жедел алдын алу шарасы өткізілуде. Жедел алдын алу шарасы 13 қзанға дейін жалғасады.
Жол сақшылары рейд жүргізуде. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандар анықталып, көлікті мас күйде басқаруға тыйым салынғаны ескертілді. Ең бастысы салон ішіне жолаушыларды толтыра салып алған әрбір автобус жүргізушісінен қала ішіндегі жолдарда жылдамдықты арттырмаулары талап етілді. Жол үстінде қауіпсіздік белдіктерін тағулары, ұялы телефонмен сөйлеспеулері тексерілді.
Алғашқы үш күнде 37 жол ережесін бұзу фактісі тіркелді.
Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 2 жүргізушіге, ал жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығарғаны үшін 1 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқарған 2 жүргізуші анықталды. Қоғамдық көлік рөліндегі 10 тұлға ұялы телефонмен сөйлесіп, жайсыздық туғызды. 7 жүргізуші маневр жасау қағидаларын бұзды. Өзге де жол жүрісі қағидалары бұзылған 6 факті тіркелді.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу