ОТБАСЫ БАНКТІҢ КЕПІЛ ШАРТЫН ХҚО-ҒА БАРМАЙ-АҚ ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрілігі, ҚР Әділет министрлігі және Отбасы банкімен («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлесіп, жеке тұлғаларға арналған жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу бойынша Мемлекеттік қызметке Blockchain технологиясын енгізді.
Енді ипотеканы ресімдейтін қазақстандықтар кепіл шартымен baspana.otbasybank.kz порталындағы жеке кабинетінде таныса отырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоя алады. Жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығын мемлекеттік тіркеу туралы нәтиже хабарлама түрінде банк сайтындағы және eGov порталындағы жеке кабинеттерге келіп түседі.
«Бұрын азаматтар кепіл шартын тіркеу үшін банктен құжат алып, оны ХҚО-ға апаруы тиіс болатын. Халыққа қызмет көрсету орталығында ол шарт тіркелген соң, клиент ауыртпалық туралы анықтаманы алып, тіркелген шартпен бірге оны банкке ұсынатын. Енді Blockchain технологиясының арқасында бұл процесс автоматтандырылды. Банк пен ХҚО арасында жүрудің қажеті болмайды, қажетті құжаттарды банк ХҚО-ға өзі жібереді»– деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы Әділ Қожықов.
Жылжымайтын мүлік кепіл шартын онлайн тіркеу қызметін автоматтандыру – банк клиенттеріне бұл процесті 3 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Отбасы банк тарапынан жылжымайтын мүлік кепілінің шарттарына қол қоюға және тексеруге жұмсалатын операциялық шығындар да қысқарады.
«Отбасы банкінде Blockchain қолдану арқылы кепілді онлайн тіркеу мүмкіндігі екі апта бұрын қосылды. Клиенттеріміз бұл мүмкіндікті көптен бері күтті. Бұған қарыз алушының «несие тарихы» дәлел. Онлайнқызметті іске қосудың алғашқы күні банкте көп балалы ананың «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша кредит ресімдеуі өтті. Оның қосалқы қарыз алушысы – басқа қалада тұратын қызы. Ол келіп, қажетті құжаттарға қол қоя алмады. Сондықтан банк қызметкерлерінің жаңа қызметті бірінші болып сынап көру ұсынысына клиентіміз бірден келісе кетті. Қажет болғаны – тек электрондық цифрлық қолтаңба. Бүгінде біз осындай 100-ге жуық кепіл шартын тіркедік», – деп түсіндірді Отбасы банкінің Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Blockchain жүйесі – бұл деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігін толығымен жоққа шығаратын жеке-жеке блоктардан тұратын тізбек жүйесі. Бұл жолданатын деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Азаматтарға арналған үкімет аталған инфрақұрылымды барлық банкке ұсынуға әзір. Қазір бірнеше банк тарапынан осы жобаға қосылу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу