8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қазан 2021 1637 0
Қоғам

МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Ұстаздар күні мерекесіне орай батысқазақстандық білім беру саласы ардагерлері мен қызметкерлерін облыс басшысы Ғали Есқалиев құттықтады. Мерекелік «Егемен елдің ұстазы» салтанатты жиыны Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өтті.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, «Дала қоңырауы» атанған Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы және қазақ даласында қазақ балалары үшін Жәңгір ханның ашқан тұңғыш мектептің 180 жылдығымен тұспа-тұс келген мерекеге орай кеш «Жәңгір хан жаңғырығы» театрландырылған би қойылымымен басталды.

Облыс басшысы Ғали Есқалиев мерекелік құттықтау лебізінде  ұстаздардың қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз үлестерін атап, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өрелі жұмыстары мен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріне толымды табыс тіледі.

– Мұғалім өткен мен бүгінді жалғайтын алтын арқау, келешекке жөн сілтейтін шамшырақ. Білікті  маман, білімді кадр қай заманда да елдің мықты тірегі. Білім саласының дамуы, ұстаздар мен оқушыларды қолдау біз үшін қашанда ең  маңызды міндеттердің қатарында. Осы себептен еліміз тәуелсіздік туын тіккен күннен бастап жастардың білім алуына тиісті жағдай жасап келеді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында білім беру саласын одан әрі дамытып және қолжетімді сапалы білім алуы үшін жағдай жасауды бәрімізге тапсырды. Биылғы жаңа оқу жылы орта білім беру ұйымдарында оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оқыту штаттық форматта қамтамасыз етілді, – деді облыс басшысы Ғали Есқалиев.

2021-ші жылы республикалық пән олимпиадасында 29 оқушы жеңімпаз атанса, оның бесеуі «Алтын белгі» иегерлері. Облыс командасы олимпиада қорытындысы бойынша үздік үштікте. Сонымен қатар 8 оқушы халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың жеңімпазы болды. Ауыл оқушыларының сапалы білім деңгейін арттыру үшін I-Qanat қоры 9-сынып оқушыларына тегін олимпиада өткізіп келеді. Сол олимпиаданың үш жылы ішінде облыстың 39 оқушысы Бурабайда орналасқан мектепке қабылданса, биыл 10-ы мектепті бітіріп, мемлекеттік грантқа ие болды. Облыс орталығында Fizmat Primary мектебі ашылып, бастауыш сыныпқа 64 шәкірт қабылданды. Жетістіктермен қатар шешуді қажет ететін бірқатар проблемалық мәселелер бар.

– Облыста 4 үшауысымды және 8 апатты жағдайдағы мектеп бар. Мәселелерді шешу үшін барлық қаржыландыру есебінен 2216 орындық 8 мектептің құрылысы жүруде. 1300 орындық екі мектептің құрылысы жеке инвесторлар қаражаты есебінен салынуда. Өңірде 20 мыңнан астам педагог еңбек етіп, 160 мыңнан астам оқушыға білім беруде. Мемлекет басшысының қолдауымен педагогтар мәртебесі көтеріліп, мұғалімдердің жалақылары көбейтіліп, жұмыс жүктемелері азайтылды. Мемлекеттің тікелей қолдауының арқасында 2021 жылы 409 педагог көтермеақы, 167 педагог үй алу үшін арнайы несие алды. Мұғалімдердің қоғам алдындағы міндеті – бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте күнбе-күн балалар тәрбиесімен айналысу, адами жақсы қасиеттерін дамыту қажет. Сіздердің жұмыстарыңызға көзқарастарыңыз, еңбекқорлықтарыңыз бен іске адалдықтарыңыз Қазақстан қоғамын қалыптастырады, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Шарада үздік ұстаздарға облыс әкімінің Алғыс хаты, ҚР Білім және ғылым министрлігінң «Ы.Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» берілді. Сондай-ақ  «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес облыс әкімінің қаулысымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі мен куәлігі және 300 АЕК мөлшеріндегі бір реттік сыйақы биылғы жылы Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің мұғалімі Айнұр Дүйсеноваға табысталды.

Республикалық «Үздік педагог-2021» байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетіліп, «Жасампаз жаршысы», «Шабыт шалқары», «Парасат жолымен», «Тәуелсіздік құрдастары», «Педагогикалық әулет» номинация иегерлері  марапатталды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
91 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
153 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
389 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
871 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1249 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1149 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1608 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2224 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2389 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2396 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2447 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2452 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2064 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2931 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2985 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2979 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3592 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3560 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3551 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3527 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3687 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»