МЫҢНАН АСА ЖАС БУЫН «СТУДЕНТ» МӘРТБЕСЕН ИЕЛЕНДІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде осы аптада бірінші курс студенттеріне арналған «Студенттер қатарына қабылдау – 2021» салтанатты іс-шарасы өтті, деп хабарлады БҚАТУ медиа-орталығы.
Мерекелік жиынға Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты. Сонымен қатар құрметті қонақтар қатарында университет түлектері, “Жайық ет” ЖШС директоры Темірғали Ескендіров және «Қазақстан Халық банкі» АҚ Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры Игорь Стексов болды.
Салтанатты жиын студенттер шеруімен басталды. Бұдан кейін қала әкімінің орынбасары Ерлан Ерсайынұлы жастарды студенттік өмірге аяқ басуымен құттықтап, оқуда озат болуларын тіледі. Шара бірінші курс студенттерінің салтанатты түрде ант қабылдауымен жалғасып, университет ректоры «Алтын белгі» иегерлері мен әлеуметтік санаттағы студенттерге білім гранттарының сертификаттарын табыстады.
Мерекелік кеште жылдағы дәстүрге сай оқу орнына биыл келген білім алушыларға студенттік билет, сынақ кітапшасы және білім кілтін табыстау рәсімі ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шараны Жәңгір хан университетінің өнерлі студенттері концерттік бағдарламамен көркемдеді.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу