ДІНИ ЖӘНЕ ДҮНИЕЛІК ІЛІМ АЛДЫ
Өскелең ұрпаққа діннің негізгі қағидаттарын қалыптастырып, рухани тәлім беру мақсатында Бәйтерек ауданы Переметное ауылындағы Жұбан молда мешітінің жанынан жазғы сауат ашу лагері ұйымдастырылды. 2 – 25 маусым аралығындағы жазғы сауат ашу лагеріне 5-14 жас аралығындағы балалар қатысты.
Бәйтерек аудандық мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сауат ашу лагеріне келгендер ауылдың және демалысқа орай ата-әжесіне демалуға келген ұл-қыздар. Лагерде араб тілі әліпбиі, тәжуид ережелері, мұлысманның негізгі парыздары, әдеп сабақтары үйретілді.
Үш апталық лагерь қорытындысында Құран Кәрімді дұрыс оқу ережелерін үйренген бүлдіршіндерге Жұбан молда мешіті мен «Шапағат шамшырағы» ҚҚ атынан Құран кітаптары, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны жазылған еңбектер және тәтті сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар балаларына діни бағыт бағдар беріп, белсенділік танытқан ата-аналарға алғыс хаттар ұсынылды.
Алғашқы діни ілімді алған бұл балалар алдағы уақытта мешіттің қосымша сабақтар арқылы білімдерін толықтыратын болады.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті

Кіру
Пікір үстеу