БҚО КОЛЛЕДЖДЕРІНЕ 54 МАМАНДЫҚ БОЙЫНША 3000-НАН АСТАМ ГРАНТ БӨЛІНДІ
2021-2022 оқу жылына БҚО-дағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Базарғалиқызы мәлім етті.
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 34 колледж, соның ішінде 24 мемлекеттік және 10 жеке меншік колледждер жұмыс істейді. Кадрларды даярлау 135 біліктілік 71 мамандық бойынша жүргізіледі. Колледждерде 17 мыңнан астам студенттер білім алса, оның 11 мыңнан астамы (67,6%) мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.
2021 – 2022 оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өңірдің индустриалдық-инновациялық дамуының басымдықтарына қажетті сұранысқа ие 54 мамандық 71 біліктілік бойынша 3512 адам саны Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен құрылған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссиясымен қаралып, бекітілді.
Бұл тапсырыстар 32 колледжге орналастырылады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу