ЕЛДЕГІ ДҮКЕН СӨРЕЛЕРІНДЕ ТЕМЕКІНІ АШЫҚ САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Қазақстандықтар енді дүкендерде темекі көрмейді. Бірінші шілдеден бастап күшіне енетін жаңа ережелерге сәйкес, сату орындарында темекі өнімдерін орналастыруға және ашық көрсетуге тыйым салынады.
Сонымен бірге витриналарда темекі өнімдерінің жарнамасы болмайды. Мұндай өзгерістер темекі шегушілердің санын азайту үшін енгізілуде.
Бір қызығы, сатылатын темекінің тізімі параққа мәтін түрінде орналастырылуы керек. Әріптер ақ параққа қара түсте жазылуы тиіс. Тізім әліпбилік тәртіппен, қандай да бір бейнелерсіз бағаны көрсете отырып жасалады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда темекінің ең төменгі құны 500 теңгені құрайды. 1 шілдеден бастап ол 520 теңгеге дейін көтеріледі. Және әр алты ай сайын өседі. Бұл акциздерге мөлшерлеменің өсуіне байланысты. Егер қазір ол мың дана үшін 11 100 теңгені құраса, 2024 жылға қарай ол 18 мыңға дейін өседі.
Былтырдың өзінде қазынаға темекі өнімдеріне акциздерден 220 миллиард теңге түсті. Ал биыл жыл басынан бері – 107 миллиард теңге.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу