БҮГІН – МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ
Маусым айының үшінші жексенбісі – ақ халатты абзал жандар үшін ерекше күн. Бүгін олардың төл мерекесі. Науқасты аман алып қалу үшін бар білімі мен біліктілігін сарп ететін жандар қашан да құрметке лайық. Әрі кейінгі екі жыл сала мамандары үшін күрделі жыл болып отыр.
Елордада коронавирус індетіне қарсы күреске үлкен үлес қосқан медицина қызметкерлеріне арнап ескерткіш қойылды. Оның ашылу салтанатына Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. «Алтын жүрек» деп аталатын ескерткіш ақ халатты абзал жандарға деген халық алғысының бір белгісі ретінде орнатылып отыр. Мемлекет басшысы сондай-ақ «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» атағын беру туралы ұсыныс жасады. Материалдық сыйақы қоса беріледі. Оның көлемін Үкімет белгілемек.
*************************
Ақ халаттылардың кәсіби мерекесі қарсаңында БҚО басшысы Ғали Есқалиев өңірдегі сала мамандарын құттықтап, сала үздіктеріне мемлекеттік наградаларды және алғыс хаттарды табыс етті.
-Пандемия кезінде біздің облысымызда болған оқиға туралы айта кеткім келеді. Бір дəрігер маман індетке шалдыққандар арасында тыным көрместен, үйіне бармастан еңбек еткен. Осы уақыт ішінде немерелі болса да Гиппократ антына адал болып, өз қызметін алдыңғы орынға қойып, науқастарды емдеген дəрігердің əрекеті мені ерекше толғандырды. Бұл бір ғана мысал. Осынау жайт медицина қызметкерлеріне үйреншікті болғанымен, басқаларға еңбектің ерекше үлгісі болып саналады, – деген облыс əкімі бұдан əрі өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытудағы жұмыстар туралы баяндады.
Медициналық қызметкерлердің бір тобы «Еңбек ардагері» белгісіне ие болды. Бірқатарына ҚР денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін төсбелгісі, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі төсбелгісі және облыс əкімінің алғысхаты табыс етілді. Сондай-ақ көптеген ақ халатты абзал жандар Орал қаласы əкімінің, ҚР денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен жəне «Сенім» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының республикалық қоғамдық бірлестігі атынан марапатын алды.
***************
Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков облыстық көпбейінді ауруханаcына арнайы барып, ұжымды медицина қызметкерлері күнімен құттықтады.
– Әлемде қанша мамандық болса да, дәрігер мамандар қашанда құрметке ие. Бәрімізге белгілі ақ халатты абзал жандар жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, өз мамандықтарына адалдықпен қарап, науқастардың өмірге деген құлшынысын арттырып,ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалап келеді. Пандемия кезінде сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен көзсіз батырлықтарыңыздың арқасында көп қиындықтарды еңсере білдік. Сіздердің елеулі істеріңіз бен антқа деген адалдықтарыңыз халқымыздың денсаулығын жақсартуға үлес қосты.Сіздерге алдыңғы кезекте денсаулық, амандық және игі істеріңізге табыс тілеймін, – деді Абат Абайұлы.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жергілікті атқарушы органдар мен «КПО б.в.» компаниясы арасындағы өзара іс-қимыл пысықталды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру

Пікір үстеу