ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Орал қаласында «Ulttyq oiyn – asyl qazyna» атты ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Жарыстар «Орал» спорт клубының Бортау елдімекеніндегі Ат спорты бөлімінде ұйымдастырылды.
Спортты серік еткен әрі өзара бақ сынасқан жандар арасындағы шараны Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Мақсат – ұлттық ойынды қайта жаңғырту, дамыту және халық арасында кеңінен тарату.
Ойындар аударыспақ, жебе ату, гір тасын көтеру, қол күресі бойынша оздырылды.
Жарыс нәтижесінде аударыспақтан Мағжан Мағзомов – бірінші орын иеленді. Гір тасын көтеруде Рахим Какимов озса, қол күресінде Әлібек Меңдіғұлов жеңімпаз атанды. Ал садақ атудан Рауан Охасов мергендігімен танылды.
Сайыс жеңімпаздары алғыс хаттар мен арнайы сыйлыққа ие болды.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру

Пікір үстеу