ХАЛЫҚ САНАҒЫ КЕЗІНДЕ БҚО БОЙЫНША 1000-НАН АСА АДАМ УАҚЫТША ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛАДЫ
Биылғы жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы Б.Әлімбаеваның мәліметінше, 2021 жылғы халық санағын өткізу кезінде облыс бойынша нұсқаушы-бақылаушылар, интервьюерлер үшін 1000-нан аса адамды уақытша жұмысқа тарту және орналастыру жоспарлануда.
Уақытша жұмысқа жасы 18-ден жоғары, бастамашыл, жауапты, тез тіл табысатын, компьютермен жұмыс жасай алатын ел азаматтары тартылады. Жұмыс өтілі маңызды емес, кәсіби біліміне талаптар қойылмайды.
Қазіргі уақытта облыс бойынша санаққа дайындық және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізетін және уәкілдердің, нұсқаушы-бақылаушылардың және интервьюерлердің жұмыстарын бақылайтын, 3 адамнан тұратын халық санағына дайындық және өткізу бөлімі жасақталған. Сонымен қатар әрбір ауданда және қалада ұлттық санақтарға дайындық және өткізу бойынша нұсқаушы (уәкілетті) ретінде 7 айға 42 адам, халық санағының 1 кезеңін өткізуге нұсқаушы-бақылаушы ретінде 1,5 айға – 26 адам және нтервьюер ретінде 1 айға 172 адам қабылданып, келісімшарттар жасалды.
Интервьюерлер халықпен сауалнама жүргізу кезінде өзімен бірге аумақтық статистика органының қолы қойылған және мөрі басылған, фотосуреті бар, аты-жөні жазылған, берілген күні мен қолданылу мерзімі көрсетілген интервьюер куәлігін алып жүреді. Сондай-ақ оған халық санағының символикасы бар көк түсті шарф, халық санағының символикасы бар көк түсті портфель, электронды санақ парағы енгізілген планшет беріледі. Тұрғын үйлерге барған кезде интервьюерлерде халық санағының логотипі бар куәлік, сөмке, шарфтың болуы міндетті.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу