СТУДЕНТТЕР УНИВЕРСИТЕТ АУМАҒЫН АБАТТАНДЫРУДА
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Индустриалды-технологиялық институтының» студенттері оқу орны ғимаратының аумағын абаттандырып, жұмыла еңбек етуде. Бұл туралы университеттің медиа-орталығы хабарлады.
Еңбектің көрігін қыздырған «Құрылыс және құрылыс материалдары» жоғары мектебінің 1, 2, 3-курс студенттері өз мамандықтарына осылайша бүгіннен бастап адалдық танытуда. Мұндағы мақсат – оқу-танысу және өндірістік тәжірибе уақытын ұтымды пайдалану, студенттерді еңбекке баулу, өздері білім алып жүрген қара шаңыраққа деген құрметтері мен сүйіспеншіліктерін арттыру. Еңбекшіл жастар өздеріне қойылған талаптарға сай аса жоғары жауапкершілікпен қызмет атқаруда.
Тағы бір айта кетерлігі, болашақ құрылысшылар «Индустриалды-технологиялық институт» қарамағындағы «Жас құрылысшы» оқу-ғылыми-өндірістік орталығында төсемтас өндіріп, білім ордасының аумағына төсеуге пайдалануда. Осылайша білім алушылар өздері таңдап түскен, қызығы мен қиындығы қатар жүретін, мемлекеттің дамуына үлкен үлес қосатын «құрылыс» мамандығының қыр-сырымен жете танысуда. Ал бұл салада белгілі дәрежеде тәжірибелері бар 3-курс студенттері өз білімдерімен бөлісіп, жұмыстың барысын 1-курстың білім алушыларына үйретуде.
Жалпы «Құрылыс және құрылыс материалдары» жоғары мектебінде оқу жылы барысында аудиториялық сабақтармен қоса студенттерді мекемелерге, құрылыс алаңдарына апарып, жұмыс барысымен таныстырып отыру дағдыға айналған.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу