ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ САТҚАНДАР ҰСТАЛДЫ
БҚО Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі сатқаны үшін екі азаматты ұстады. Қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Дәрмек» жедел алдын алу шарасы кезінде 1981 жылғы Г есімді азамат пен 1997 жылғы Г атты азаматша ұсталған. Екеуі де Орал қаласының тұрғыны. Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Әлішер Сарының мәліметінше, есірткі саудагерлерінің екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалған.
– Г. есімді азамат М. есімді азаматқа ашық-қоңыр түсті ұнтақты заты бар ақ қағаз орамасын сатқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған зат салмағы 0,0800 г психотроптық зат екені анықталды. Бұл зат мөлшері есірткі заттары мен прекурсорлардың жиынтық кестесіне сәйкес үлкені көлемде деп танылған. Ұсталған адам өзі мойындады. Қазіргі уақытта ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторында. Сондай-ақ, жас жігітке ақ түсті ұнтақ салынған бір пакет сатқан қыз ұсталды. Сарапшының қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі салмағы 0,3900 граммды құрайтын психотроптық зат болып табылады, мөлшері ірі деп анықталған. Ұсталған адам өзінің жасаған ісін мойындады, ол да уақытта Орал қаласы бойынша уақытша ұстау изоляторында, – деді полиция полковнигі.
Екі факті бойынша да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын сату, жіберу немесе сату мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу