БИЫЛ 1175 БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС «ЖАСЫЛ ЕЛДЕ» ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ
Биыл өңірдегі 1175 жас «Жасыл ел» қатарында көгалдандыруға қатысады. Студенттік құрылыс жасағы бойынша 500-ден аса жас еңбек етеді.
Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының облысымыздағы штабы «Болашақ-Т», «Альтаир», «Жиенбай» құрылыс компанияларымен, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-мен меморандум жасады. Осы құжат негізінде 500-ден аса жас жазғы демалыс кезінде мерзімді жұмыспен қамтылады. Бұл студент-жастардың материалдық жағдайын жақсартуға негіз болмақ.
– Былтыр Деркөл саябағын жандандыруды бастадық. Биыл да жалғастырып жеміс аяғаштарының қатарына тағы 200 түп егуді жоспарладық. Осылайша, саябақты тамаша жеміс бағына айналдырмақпыз. Өткен жылы Тасқалада картоп, қияр, қызанақ егілді. Биыл теректіліктер мен жәнібектіктер де қосылып, жемістер мен көкөністер егуді қолға алмақ, – дейді «Жасыл ел» облыстық штабының жетекшісі Аслан Тапишев.
Өңірімізде биыл «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 1175 сарбазды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Олардың 400 сарбазы қалада жұмыс жасаса, 775-і – облыс аудандарында жұмыс жасайтын болады. Аумақты тазалау, суару, гүлдерді отырғызу, шөптерді қию сынды жұмыстар жүктеледі.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу