БҚАТУ ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ
Биыл 17-ші маусымын ашқан «Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс» еңбек жасақтарының қатарында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері де бар. Биыл университет басшылығы «Жасыл ел» облыстық штабымен ынтымақтастық меморандумына қол қойып, жұмысты одан әрі жандандыруды көздеуде. Бұл туралы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың медиа-орталығы хабарлады.
Бүгін университетте кезекті еңбек маусымының салтанатты ашылуы ұйымдастырылды. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов атап өткендей, университет 2005 жылдан бері аталған жастар қозғалысын дамытуға үлкен үлес қосып келеді. – Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жастар еңбек жасақтарының қозғалысы жыл санап өркендеуде. 2005 жылы бұл қозғалыс Батыс Қазақстан өңірінде жұмысын бастаса, соның ішінде Жәңгір хан университетіндегі еңбек жасағы сол уақыттағы 3-курс студенті, қазіргі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Наурызбайұлы Манкеевтің бастамасымен құрылған еді. Сол жылы еңбек жасақтарының белсенділігі республика дәрежесіне дейін қанатын кеңінен жайған болатын, – деген Ақылбек Ұзақбайұлы сандық көрсеткіштерге де тоқталды.
Күні бүгінге дейін Жәңгір атындағы БҚАТУ-дың 5 мыңнан астам студенті «Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс» еңбек жасақтарына тартылған. Соңғы жылдары университет тарапынан жастар жасағын жұмыспен қамту жолға қойылып келеді. Былтырғы қиын кезеңнің өзінде студенттерді әлеуметтік қолдау бойынша 300-ден астам білім алушы облыс көлеміндегі жұмыстарға жолданса, 168 білім алушыны университет өз қамқорлығына алып жұмыспен қамтыған.
Еңбек жасағының сарбаздарына сәттілік тілеген Ақылбек Ұзақбайұлы әр институттың жасақ командирлеріне арнайы униформалар табыс етті.
Іс-шарада «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары облыстық штабының басшысы Аслан Тапишев құттықтау сөз сөйлеп, Жәңгір хан университетінің сарбаздарына «Еңбек жалауын» салтанатты түрде табыстады.
Айта кетейік, биыл БҚАТУ-дың 100-ден астам студенті «Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс» еңбек жасақтарының қатарынан табылады. Сонымен бірге «Жасыл ел» облыстық штабымен жасалған меморандум аясында университет білім алушыларды жұмыспен қамтып, оқу орнының аумағын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу көзделуде.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу