БІР АПТАДА 140 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛДІ
Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының аумағында 140 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстың 94-і ашылды. Ашылу деңгейі 67,1 пайызды құрады. Бұл статистикалық деректерді БҚО Полиция департаментінің бастығы М.Аблазимов әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
Тіркелген қылмсытардың 18-і ауыр санаттағы қылмыстар. Оның оны, яғни 55 пайызы ашылған.
– Аталған қылмыстың түрлері бойынша денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру – 3, тонау – 3, айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы – 2, қаруды, оқ-дәрілерді, жарлығыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру – 7, бұзақылық – 6, есірткі заттарын сату мақсатынсыз заңсыз сақтаудың – 6, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу – 9 факті тіркелді. Фактілердің барлығы дерлік ашылды, – деп жазды Махсудхан Аблазимов.
Сонымен қатар жалпы бөтен мүлікті ұрлаудың 42 фактісі тіркелген. Оның 16-сы, 38,1 пайызы кезекші тәулікте ашылды. Ашылмаған барлық қылмыстар бойынша оларды ашуға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде. Сондай-ақ ағымдағы жылдың басынан арнайы іс-шараларды жүзеге асыру барысында бұрын жасалған 510 қылмыс ашылды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу