ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН БОЗДАҚТАРҒА ТАҒЗЫМ
Бүгін, 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай оралдықтар қала шетіндегі жаңа зират маңына жиналып, тоталитарлық жүйенің жендеттері жазықсыз қуғынға ұшыратып, қатыгездікпен жазаланған отандастарымыздың рухы алдында аза тұтты. Сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбаны болған тұлғаларға орнатылған ескерткіш тақталар жанында митингтер ұйымдастырылды.
ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі. Миллиондаған адам бас бостандығынан айырылды, мыңдаған арысымыз жазықсыз атылып, халықтың көбі ашаршылық құрбаны болды. 1997 жылы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Бұл күн – халқымыздың басынан өткен төл тарихтың белгісіз болып кеткен беттерін терең ұғыну үшін, сол қателіктердің болашақта қайталанбауы үшін қажет.
Зират басында өткен азалы жиында ҚМДБ-ның өкіл имамы Бақытжан Құралбайұлы қуғын-сүргін құрбандарына құран бағыштады. Спасо-Преображенской шіркеуінің діни қызметкері Владимир әкей рәсім-жоралғысын орындады.
Өздерінің ойларын батыл жеткізіп, мәлімдегендері үшін аяусыз әрі қатыгездікпен атылған Е.Тоқсанов, М.Амосов, Ж.Досмұхамедов, Ш.Қаратаева сынды жерлестерімізге арналған ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, Мұнайшылар гүлбағында орналасқан «Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанында азалы жиын өтті.
Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова, БҚО-дағы Корей этно-мәдени орталығының төрайымы Бэла Тю, корей этно-мәдени оталығының өкілдері және білім беру саласы қызметкерлері мен оқушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Корей этно орталығының ақсақалдар алқасының төрағасы Владимир Хон қуғын-сүргін салқыны корейлерге де тиіп, бейбіт халық Қиыр Шығыстан мәжбүрлі түрде көшірілгенін айтты. Бұл 1937 жылдың қыркүйегі еді.
– 175 мыңдай этникалық корей өздеріне беймәлім жерге көшірілді. Қараша айы. Салқын түскен уақыт еді. Кейбірі сиыр қораларға орналасты, кейбірі далада жерді қазып, паналауға мәжбүр болды. Сол қиын кезеңде жергілікті халық өздерінің жарты құртын бөліп беріп, біздің ұлтымыздың аман қалуына көмектерін көрсетті. Ол – қазақ халқы болатын. Бүгін міне, тәуелсіз қазақ елінде корейлердің бесінші ұрпағы өзгелермен тең құқықта өмір сүріп келеді, – деді В.Хон.
Қала мектептерінің оқушылары қаламгерлердің ызғарлы жылдар жаңғырығына арнаған өлеңдерін оқыды. Корей этносы осы тарихи кезеңді естен шығармау, қазақ халқының қонақжайлығын, ілтиптын ұмытпау мақсатында қойылған «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады.
Сондай-ақ бұл күні Жаһанша Досмұхамедов көшесі мен Н.Назарбаев даңғылының қиылысы, Ғұмар Қараш көшесінде боздақтарға арналған пилондар ашылды.
Айта кетейік, тарихшылардың дерегінше, КСРО бойынша 1927-1953 жылдары 60 миллион адам, оның ішінде Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Жазықсыз 631 атылған адамның 80 пайызы алаштың арыстары және ірі мемлекет қайраткерлері болған. Былтыр Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың шешімімен тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия жұмысын бастады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру




Пікір үстеу