8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Мамыр 2021 1845 0
Өзек

ҚАРАТӨБЕДЕ ШЕГІРТКЕ ҚАПТАП КЕТТІ

Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылы Шора қыстағында шегірткелер қаптап кеткені  туралы видео таралды. Бірақ,ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық инспекцияциясы  шегірткеден төнген қатер жоқ екенін айтады. Өйткені соңғы он жылда улау жұмысы жолға қойылып, дәріленетін аумақ еселеп азайған.

Бұрын 800 мың гектар жерді өңдесе, қазір 72 мың гектардан аспайды. Ал жұртты шошытқан шегіртке әлі кішкентай, тіпті ұша алмайды. Сондықтан улау жұмыстары жоспарға сай жүргізіледі.

Шегіртке табылған аумаққа арнайы мамандар аттандырылған. Батыс Қазақстан облысын дүрліктірген шегірткелер Ақтөбеден келген көрінеді. Осы өңірдегі аумақтық инспекцияның өкілдері алаңдауға еш негіз жоқ деп сендірді.

– Екі маманымыз соның басында және өңдеуге келіп жатқан мердігерлерді жібердік. Кеште олар барып, таңғы сағат 4.00-де химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізіп тастады,- деді ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің бқо аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов.

Айнара ИСА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
136 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
380 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»