«ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕР» ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
БҚО бойынша аудандар мен қала мектептерінде «Жазғы мектепке» 53 мың оқушы қатысуда.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №203 бұйрығы негізінде ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша барлық ниет білдірген білім алушылар үшін пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру және оқыту сапасын арттыру мақсатында облыс бойынша 376 мектепте «Жазғы мектептің» жұмысы басталды. Облыс бойынша 53 мыңдай оқушы қатысуда. Соның ішінде Орал қаласында 20 мыңға жуық оқушы үш апта бойына негізгі пәндерден білімдерін толықтыратын болады.
Жазғы мектептердің жұмысы кезінде санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталады, кіреберістегі температураны күнделікті өлшеу, маскалар, қолды жиі жуу, үй-жайларды ылғалды жинау, желдету, кварцтау жүргізіледі.
Сабақ оқу сабақтары, жобалық қызмет, зерттеулер, pертханалық жұмыстар, таза ауадағы сабақтар түрінде өтеді. Үйге тапсырмалар берілмейді.
Бұл ретте оқушылардың білімдеріндегі шығындардың орнын толтыру, пәндер бойынша қиындықтар саласын анықтау және жеке білім беру бағытын алу, командалық оқыту дағдыларын игеру, оқуға деген ынтаны арттыру (коммуникация, креативтілік, сыни ойлау), зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастыру күтіледі.
Ата-аналар өткен оқу жылының қорытындысы бойынша балалардың қажеттіліктеріне сәйкес білім беру қызметтерін, баланың дамуын қамтамасыз ету және сүйемелдеу процесіне қатысуды, балалардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді және жазғы кезеңде бос уақытын ұйымдастыра алады.
Айта кетейік, Жазғы меткепті ұйымдастырудың негізгі мақсаты – білім олқылықтарын жою, білімнің сапасын арттыру және осы оқу жылында түрлі шектеу шаралары кезінде түсінбеген тараулары бойынша білімдерін толықтырып, әр негізгі пән бойынша тиісті оқу материалын оқушының білуін қамтамасыз ету. Бұл ретте биылғы оқу жылында үнемі қашықтан оқыту форматында болған 6, 7, 8 және 10-сыныптар оқушыларына басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар аралас форматта оқыған 1-5 сыныптар мен 9-сынып оқушыларына да қалаулары бойынша оқыту жүргізілуде.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру


Пікір үстеу